Зерттеу барысында біз мұздықтар тақырыбын қарастырдық. Мектеп географиясында мұздықтарды оқыту өте маңызды. Оның бірнеше себебі бар, біріншіден мұздықтарда тұщы су көзі сақталған, екіншіден мұздықтар бізге ғаламшарда болып жатқан өзгерістер туралы хабар береді. Соңғы уақытта адамзаттың антропогендік іс-әрекеті нәтижесінде тұщы су көзі болып табылатын мұздықтардың еруі орын алуда, оның салдарынан дүниежүзілік мұхит деңгейі көтеріліп, тұщы су қоры азайып бара жатыр. Осындай үлкен зардаптарды болдырмау немесе алдын -алу мақсатында бұл тақырыпты оқушыларға терең әрі жан-жақты ұғындыру қажет. Ол үшін оқытудың үздік, нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдаланған жөн.
ХХІ ғасыр мұғалімінің басты міндеті, оқушылардың оқу үрдісіне белсенді қатысуға шақы- ратын сабақтарды жоспарлай алуы. Ол үшін әрине, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін меңгеруі қажет. Мұғалімді сабақты жүргізудің көп әдістеді білуі, оның басты қаруы болмақ. Оқыту- дың белсенді әдістері қоғамда өзіндік пікірі қалыптасқан, сын тұрғысынан шығармашылық ойлай алатын, өзіндік проблемаларды шеше алатын оқушыларды дайындауға мүмкіндік береді.
Мақала жұмысында 8-сыныптың «Мұздықтар» тақырыбын оқытудың белсенді әдістері көрсетілген. Мектеп курстарында мұздықтарды оқыту және зерттеу не үшін маңызды? Мұздықтар – ғаламшарымызда тұщы судың сақталған бірден-бір көзі болып табылады. Қазіргі таңда мұздықтардың еруі, ғаламдық проблемалар қатарында. Климаттың жаһандық жылынуы, мұздықтардың жылдам еруіне әкелді, ал ол өз кезегінде, әлем халықтарының тұщы суға деген сұранысын арттырды. Демек, мұздықтар бізге климатта болып жатқан өзгерістер туралы ақпараттарды бере алады. Оқушылардың мұздықтар туралы терең білуі, болашақта олардың аймақтық немесе ғаламдық проблемаларды түсініп, шешуіне мүмкіндік береді.
Мақалада белсенді оқытудың «үшіншісі артық», «инсерт», «тұжырымадамалық карта»,
«диаманта» әдістері негізделген. Көрсетілген әдістермен 8-сынып оқушыларына тарсырма жұмыстары да келтірілді. Әр тапсырмада оқушылардың жас ерекшеліктері мен олардың білім деңгейлері ескеріледі. Оқытудың белсенді әдістерінің нәтижесі ретінде мұғалім, білім алушыларда географиялық ой қалыптастырып, оқушылардың білім дәрежесін анықтай алады.
