Бұл мақалада мектеп географиясында оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту мүмкіндіктері қарастырылып, ақпараттық технологияларды география пәнінде қолдану мен оның тиімділігі талданған. Мектеп географиясында ақпараттық технологияларды қолдана отырып, оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамытуға болады. Жас ерекшеліктеріне сай ақпараттық технологияларды орнымен қолдану оқушылардың дұрыс ақпарат алуына, ақпараттық құзыреттіліктерін дамытуға, сонымен қатар жалпы білім сапасын арттыруға мүм- кіндік береді. Зерттеу жұмысының басты мақсаты мектеп географиясын оқытуда оқушы- лардың ақпараттық құзыреттіліктерін арттырудың тиімді жолдарын талдау болып табылады. Оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту мәселесі жалпы орта білім беру мазмұнын жаңа- шаландырудағы заманауи білім берудің басым міндеттеріне жатады.
Географияның басқа пәндерге қарағанда артықшылығы табиғатты, қоғам мен затты және олардың өзара әрекеттерін оқытудағы жинақтық артықшылығымен ерекшеленеді. Сондық- тан экологиялық білім беру мен тәрбие беру мазмұнындағы мақсатқа қол жеткізуде оқушы- ларды тәрбиелеудің маңызды бөлігі болып табылады. География пәнаралық және біріктіріл- ген пән болғандықтан, қоршаған орта мен қоғамды, оған қоса демографияны, этнографияны, туризм, дін, мәдениет және де басқа бағыттарды қоса оқытады. Сондықтан оқушылардың дүниетанымын қалыптастыратын пән ретінде қоршаған әлем мен онда болып жатқан үдеріс- тер туралы ұғымдар толық берілуі қажет.
Біздің зерттеулеріміз үшін география пәнін оқытуда оқушылардың ақпараттық құзырет- тіліктерін дамыту үдерісіне деген қызығушылық маңызды болып табылады. Соған байла- нысты зерттеу жұмысында география сабақтарында ақпараттық технологияларды пайдалану- дың тиімділігіне өз тәжірибеміз негізінде талдау жасалынады. Ақпараттық құзыреттілікті арттырудағы мультимедиа технологияларының мүмкіндіктері қарастырылып, оқушылардың ақпараттық құзыреттіліктерін дамыту мүмкіндіктері анықталды.
Зерттеу барысында ақпараттық технологияларды қолданғаннан кейін, оқушылардың білім деңгейлерін анықтау мақсатында бақылау жүргізілді. Эксперимент нәтижесі көрсеткендей, эксперименттік топта бақылау тобымен салыстырғанда пәнге деген қызығушылығы мен білім деңгейі едәуір жоғарылады. Эксперимент нәтижелері ақпараттық технологияларды география пәнінде қолдану оқушылардың пәндік құзіреттіліктердің қалыптасудағы маңыз- дылығы зор екендігін және жалпы орта білім беретін мектептерге енгізудің тиімділігін көрсетті.
