Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланды November 2023

207

152

Аңдатпа

Қазіргі таңда тұрақты даму мақсаттарына сәйкес барлығын қамтитын, әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету қажеттілігі туындап отыр. Осыған орай, ХХІ ғасырдағы білім беру моделінің мәселелерін талқылауға ерекше көңіл бөлінуде және өзгермелі әлемге тез бейімделетін мұғалімдер мен оқушылардың дамуына бағытталған білім сапасын арттыратын тиімді жолдары іздестірілуде. Осы тұрғыда геоэкологиялық білім беру мектеп географиясындағы интеграцияланған білім бағыты ретін- де қарастырылуда. Геоэкологиялық білім тұрақты даму үшін білім берудің стратегиялық маңызды идеяларын туындатады, ал оқу үрдісінде интеграцияланған білім берудің басым бағыттарының бірі – экологияландыруды жүзеге асырады. Сол себепті оқушыларда геоэко- логиялық сауаттылықты қалыптастыру заман талабына сай, өзекті әрі күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Мақалада сауаттылық ұғымына берілген анықтамаларға шолу жасалынды. Ұғым – нысан- дар немесе құбылыстар туралы ақпаратты жеңіл түрде қабылдауға көмектесетін ойлау құралы болып табылады. Бұл заттар мен құбылыстар арасындағы байланысты түсінуге және сипаттауға мүмкіндік береді. Ұғым берілген ақпаратты жүйелеуге көмектеседі. Сауатты- лықтың түрлеріне талдау жасалынды және сипаттамалар келтірілді. Сауаттылықты қалып- тастыруға бағытталған іс-әрекеттер түрлері берілді.

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардың геоэкологиялық сауаттылығын қалыптас- тыруға арналған ғалымдардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен еңбектері зерделенді. Қарас- тырылған еңбектер зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттерін айқындауға, тақырыптың өзектілігіне негіз болды.

Географиялық білім беруде геоэкологиялық жетекші ұғымға анықтамалар келтірілді. Анықтама оқыту үрдісінде жеке тұлғаны тәрбиелеуге, білімін, дағдысын, құндылық көзқа- растарын, құзыреттер жиынтығын қалыптастырады. Геоэкологиялық сауаттылықты қалып- тастыруға бағытталған оқулық мазмұнына сәйкес тапсырмалар құрастырылды. Бұл тапсыр- малар жүйесі оқушылардың өзі тұрған жергілікті жерінің табиғат жағдайымен үйлесімді байланыс орнатуына, адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешуде зерттеушілік қабілетті- ліктерінің қалыптасуына және дамуына ықпал етеді. Сондай ақ тұрақты даму мақсаттарына сәйкес білім беру сапасы жақсарады, геоэкологиялық мәдениетінің қалыптасуына мүмкіндік береді.

PDF