Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БОЛАШАҚ БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ

Жарияланды November 2023

226

131

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты – функционалдық сауаттылық туралы түсінік беру. Болашақ биология пәні мұғалімін дайындауда олардың функционалдық сауаттылығы туралы зерттеу- дің өзектілігі мен олардың әртүрлі практикалық контексттерде тілді тиімді пайдалану және түсіну қабілетін талдау болып табылады.

Мақалада функционалдық сауаттылық күнделікті өмірде, білім беру мен еңбекте әртүрлі тапсырмаларды сәтті орындау үшін қолдана білуді қамтиды. Әртүрлі әдістерді біріктіру мақсатты функционалдық сауаттылықты дамытудың ең тиімді жолдары қарастырылған.

Бұл жұмыста болашақ биология пәні мұғалімдерінің функционалдық сауаттылықты өлшеу әдістері мен жаратылыстануда функционалдық сауаттылықты дамытуда студенттер- дің қолдана алатын дағдыларының тізімі мен болашақ мамандардың биология саласында қарым-қатынас жасап, жұмыс істеуі үшін олардың функционалдық сауаттылығын дамыту маңыздылығы анықталады.

Функционалдық сауаттылық мыналардан тұрады: биологиялық құбылыстарды түсіну қабілеті, деректерді түсіндіру қабілеті, биологиялық экспериментті орындау қабілеті. Функ- ционалдық сауаттылықтың инвариантты компоненттерін ескере отырып, біз студенттердің жеке басына биологиялық білім алу процесінде құндылықтарды іздеу деп аталатын жағдай тән деп тұжырымдаймыз. Функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы жеке тұлғаның пассивті сапасы емес, керісінше жеке тұлғаның белсенді бөлігі болып табылады.

Мақалада функционалдық сауаттылық деген ой негізделеді және биологияны оқыту әдіс- темесіндегі негізгі құндылық нұсқаулығы болып табылады. Негізгі мазмұнында функцио- налдық сауаттылық ұғымына талдау жасалды.

Функционалдық сауаттылықты дамыту болашақ мұғалімдерге өздерінің кәсіби міндетте- рін тиімді орындауға және оқушыларын биология мен ғылыми ойлауды үйренуге шабыт-

 

тандыруға мүмкіндік береді. Зерттеудің нәтижелері білім алушылардың                     функционалдық сауаттылығын жақсартуға ықпал ету.

PDF