Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БИОЛОГИЯ ПӘНІНЕН «БИОСФЕРА ЖӘНЕ ЭКОЖҮЙЕ» БӨЛІМІН ОҚЫТУДАҒЫ ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ

Жарияланды November 2023

198

96

Аңдатпа

Мақалада Биология пәнінен «Биосфера және экожүйе» бөлімін оқытудағы тапсырма- лардың маңызын анықтауды жан-жақты талдап ашуға негізделген. Қазіргі таңда оқушылар- дың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін мектеп табалдырығынан бастап-ақ білім мен ғылымды ықпалдастырып, ғылыми ойлау қабілетін дамыту қажет. Биологияны жан- жақты зерттеп, оқып біліп, табиғатта болатын үдерістерді түсінуге және биосфера мен экожүйені сақтауға мүмкіндік туғыза отырып, адамзат баласы дамуының басты шарты екендігін түсіндіруі керек екенін келтірген. Осы мәселе байланысты жақында президенттің жолдауындада тілге тиек етілген мәтіндерін келтіреді.

Әсіресе «Биосфера және экожүйе» бөлімін оқытуда тапсырмалардың орнының ерекшелігін зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып дәлелдеген мысалдарды ұсынған. Ол жас ұрпақтың танымдық деңгейін дамытуда үлкен рол атқаруда, берілетін әрбір тапсырма өмірмен байланысты, оңай орындалатын, тірі ағзалардың тіршілігін, өмірінің қыр-сырын түсіндірудегі ең басты міндетті дұрыс түсіндіретін болуы қажеттілігі туындауда. Бөлімнің оқылатын тақырыптарын үш сынып 7-8-9-сыныптар бойынша анықтап, тақырыптарды бір- біріне байланыстырып, жеке-жеке талдап өткен. Тақырыптарда берілетін тапсырмалардағы, зерттеу жұмыстары жергілікті жерді зерттеуге көп мүмкіншілік береді және қарапайымнан біртіндеп күрделіге ауысады. Сондықтан мектеп үлескісінде зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған әдістемеге қатысты ескертулер, эксперимент жасауға араналған қажетті заттар мен құрал-жабдықтарға, техника қауіпсіздігі ережелеріне нұсқаулық берген. Осы нұсқаулық негізінде жасалған зерттеу жұмысын келтіре отырып, оқушылардың білімді қабылдау деңгейіне арналған диаграмма ұсынылады.

PDF