Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ОЙЛАРЫН БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІНЕ ЕНГІЗЕ ОҚЫТУ

Жарияланды November 2023

163

83

Аңдатпа

Мақалада Әл-Фарабидің жаратылыстану бағытындағы химия, физика, медицина, бота- ника, т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша жазған трактаттары қарастырылған. Бұл салаға қосқан жаңалықтары қыруар екендігі белгілі. Ортағасырдағы ойшылдың ғалым ретіндегі қалдырған мұраларының құндылықтық әлеуетінің ХХI ғасырда да жоғалмай келе жатқан өзектілігін ашып көрсетуге негіз болады. Барлық ғылым жүйесіне үлкен мән берген Шығыс ойшылы Әл-Фараби жаратылыстану-химия ғылымдарын да жоғары деңгейде зерттеді.

“Алхимия өнерінің қажеттігі туралы” атты трактатында өз тұсындағы алхимиялық білім- дерді талдап, алхимияның жалған қабыршағынан ғылыми дәнін бөліп алып, оны белгілі бір зерттеу пәні бар жаратылыстану ғылымының бір саласында қарастырды.

Әл-Фарабидің жаратылыстану бағыттағы химия, медицина, география, ботаника, минеро- логия т.б. жаратылыстану ғылымдары бойынша жазған трактаттары да, бұл салаға қосқан жаңалықтары да қыруар екендігі белгілі, ғұламаның олар бойынша мұрасы да өз кезегінде заманауи білім беруде ендіруді қажет ететіндігі сөзсіз.

Осыған қарамастан, жас ұрпақты ілім-білімге, ғылымның жауһарларына қызықтырып, оларға, рухани, патриоттық білім-тәрбие беру мақсатында әл-Фәрәби бабамыздың еңбек- терін, мұрасын оқу бағдарламаларына енгізіп, оқу құралы ретінде пайдалану сияқты игілікті ғылыми-әдістемелік зерттеулер мен шаралардың жоққа тән екендігін айта кеткен жөн.

PDF (English)