Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БАЯН-ӨЛГИЙ АЙМАҒЫНЫҢ ШЫРҒАНАҚТАРЫНЫҢ ТАБИҒИ МАЙЛЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ НӘТИЖЕЛЕРІ

Жарияланды November 2023

256

73

Аңдатпа

Шырғанақтың жемісі, тұқымы және май құрамы географиялық зоналық айырмашылыққа ие. Шырғанақты бренд маркалы майлар өндіруде қосымша шикізат ретінде пайдалану үшін оның табиғи экотиптері мен селективті формаларын игерудің критерийлеріне байланысты әр түрлі аймақтарда шырғанақ майының сапасы мен санына баға беріп, зерттеулер жүргізу қажет болып табылады.

Баян-Өлгий аймағының таулы жерлеріндегі табиғи шырғанақтың майлылығын зерттеу жұмысы бұрын-соңды жүргізілмеген. Сондықтан Ховда, Булган, Цагаан өзендерінің бойын- дағы шырғанақтардың майлылығын салыстырып зерттеу мақсатында, жиырмаға жуық орын- нан алынған үлгілерден майлылық талдау жұмыстарын «Мал шаруашылығы ғылыми зерттеу орталығы» мен «Монголдың ұлттык университетінде» сараптама жасалынды. Зерттеуге алынған өзендердің шырғанақ жемістерінің құрғақ салмағы күзде 21.5% (16.9-30.0% арасында), қыста 29.4% (18.7-34.6% арасында), ылғалды салмағы сәйкесінше 3.77% (1.90- 5.35% арасында) және 4.56% (2.8-5.78% арасында) болатыны жеке жеке анықталды. Ал қыста 0.79%-пен қосылуы күз бойы сақталған қосынды болып табылады. Жемістердің құрғақ салмағы 9.87-11.55%. Бұл көрсеткіштерді монгол және орыс зерттеушілерінің сараптама- ларымен салыстырғанымызда көпшілігі бірдей нәтиже көрсетіп отыр.

Шырғанақтың майлылығының құрамы әр жерде әртүрлі болатындықтан, қайсы өзен бойында қандай майлылыққа ие табиғи шырғанақ түрлерінің бар екендігін анықтауға болады. Үлкен жемісті майлылығы жоғары түрлері Цагаан, Булган өзен бойларында анықталды. Шырғанақ биіктігі 1641-1986 м дейін өсетін жерлерде жеміс майының 2.8-5.0%- ке артуы ғылыми зерттеу үшін жаңа аспект болып отыр. Барлық өзендерде шырғанақтың тұқым майлылығы 11.4% (9.4-14.0% арасында ) болсада, 1000 тұқым салмағы бойынша жоғары көрсеткішті көрсетуі назар аудартып отыр. Жоғарыда көрсеткендей жақсы нәтиже- лерге жету үшін зерттеу жұмыстарын жалғастыру қажет. Бұл ең алдымен дәрілік заттар мен емдеу үшін маңызды жеміс майының биологиялық белсенді заттарын зерттеуде тіпті де маңызды деп тұжырымдаудамыз

PDF (English)