Полифенолдар – фармакологияда, медицинада және ауыл шаруашылығында биологиялық белсенді қосылыстар ретінде кеңінен қолданылатын өсімдіктердің екіншілік метаболизмінің өнімдері. Бұл қосылыстар алуан түрлі өсімдіктердің барлық мүшелерінде (жемістер, тұқым- дар, тамырлар, қабықтар, ағаштар, жапырақтар) кездеседі. Жануарлар ағзаларына қатысты барлық өсімдік полифенолдары белгілі бір дәрежеде биологиялық белсенділіктің кең ауқымына ие, диетаның маңызды бөлігі болып табылады және қазіргі уақытта ғылымның назарында. Өсімдіктердің әртүрлі полифенолдары өсімдік тағамдарын қамтитын кез келген диетаның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және олардың қалыпты диетадағы күнделікті тұтынуы орташа есеппен күніне кемінде 1 г құрайды. Өсімдік полифенолдарының биологиялық әсері олардың химиялық құрылымының әртүрлілігіне байланысты әртүрлі және ерекше. Зерттеулер жемістер мен көкөністерге бай диеталар 2 типті қант диабеті, атероскле- роз және қатерлі ісік сияқты жүйелі төмен дәрежелі созылмалы қабынумен байланысты бір- қатар созылмалы аурулардың даму қаупін төмендететінін көрсетті; жемістер мен көкөністер- ді тұтынудың жоғары деңгейі бірқатар дегенеративті аурулардың жиілігіне кері пропорцио- налды; өсімдік полифенолдарының антиоксиданттық, қабынуға қарсы, иммуномодуля- циялық, гипертензияға қарсы, нейропротекторлық, гепатопротекторлық әсерлері расталды; жүрек-қантамыр және жүйке-тамыр ауруларын оңалту және алдын алуда пайдасы көрсетілді
ЖҮРЕК – ҚАН ТАМЫРЛАРЫ ЖӘНЕ ЦЕРЕБРОВАСКУЛЯРЛЫ АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДА ӨСІМДІК ПОЛИФЕНОЛДАРЫНЫҢ ПАЙДАЛЫ ӘСЕРІ
Жарияланды November 2023
244
100
Аңдатпа
Тіл
Русский
Кілт сөздер
өсімдік полифенолдары, инсульт, биофлавоноидтар.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
