Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕТЕРОЦИКЛДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ОҚЫТУДА ЗЕРТТЕУ ӘДІСІН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Жарияланды June 2023

137

93

Аңдатпа

Ұсынылып отырылған мақалада гетероциклді қосылыстарды оқытуда зерттеу әдісін қолдану арқылы студенттердің белсенділігін арттыру қарастырылды. Білім беру процесінде зерттеу әдісінің артықшылықтары көрсетіле отырып, студенттердің білім алуында әрбірінің өзіндік орны, маңыздылығы көрсетілді. Автор мақалада білім алушылардың танымдық және шығармашылық қызығушылықтарын дамытуға, жоғары оқу орнында химияны оқыту әдістері студенттердің практикалық мәселелерді шешу үшін қажетті химиялық білімді өз бетінше игеру және қолдану дағдыларын дамытуға жол көрсетті.

Мақаланың мақсаты химияны оқудағы студенттердің белсенділігінің деңгейін зерттеу, сонымен қатар қызығушылықты қалыптастыруға ықпал ететін білім алушылармен жұмыс жасаудың тиімді әдістері мен формаларын анықтау болып табылады. Зерттеу қызметін жүзеге асыру арқылы химияны зерттеуге қызығушылық пен мотивацияны дамыту, студенттерді өз бетінше анықталған фактілер негізінде қызметті жүзеге асыруға үйрету, ғылыми таным кезеңдерін зерделеу арқылы ғылыми зерттеу әдістемесін меңгеру.

pdf