Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІ

Жарияланды June 2023

108

46

Аңдатпа

Қазіргі таңда еліміздің оқу орындары мен педагогикалық ұжымның ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің сәйкес келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағыт білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңаша идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы бар. Оқытудың техникалық құралдарын оқытушының жұмыс барысында қызметі ерекшеленеді.Оқытушы техникалық оқу құралдарын дайындай отырып, оның мазмұнымен техникалық қолдану бетін ескере отырып сыныптың ерекшеліктерін, қатысушылардың жұмыс тәжірибесін көп зерттейді. Қазіргі уақытта оқытудың техникалық құралдары аппаратураларының құрылысына ондаған құралдар енеді, оның барлығын білім алушылар қолдану үшін оларды арнайы дайындықтан өткізу қажет. Ол үшін оның жұмыс пункттері мен формасын жетік меңгергені жөн. Қазіргі кездегі жалпы білім берудегі ерекшелік жаңа мүмкіндіктер, құралдар, және оқу түрлерін анықтау болып табылады. Білім беру мекемелеріне оқу-тәрбие үрдісінің қарқындылығымен кеңінен енгізу баланың денсаулығы мен функционалдық жағдайына қойылатын талаптарды күшейтуді қажет етеді.ТОҚ қауіпсіздігі тұрғысынан оқу үрдісін ұйымдастырып, регламенттеу үшін, оларды жіктеп алу мәселесінің өте қажеттігі пайда болады. Осы уақытқа дейінгі техникалық, негізінен техникалық оқу құралдарын жіктеп алу мәселесінде оқушылардың жас ерекшелігіде, олардың әсер ету мүмкіндігі де, пайдаланылатын құралдардың әртүрлілігі де, басқа да физиологиялық көптеген маңызды аспектілері қарастырылған.

Техникалық оқу құралдары немесе электрондық оқулықтар деп аталып жүрген құралдардың бейнетерминалдар экранның өзіне тән ерекшелігіне байланысты ақпарат қабылдау күрделілігі, жарықтың ұйымдастырылуына қойылатын талаптар мен бейне- терминалдар экранындағы ақпараттардың безендірілуі мен оның беріліуіне қойылатын арнаулы талаптардың болмауы, жалпы техникалық оқу құралдары жұмыс тәртібіне арнаулы және реттеуші бақылау болмауына байланысты бірқатар қолайсыз әсерлері болғаны мен пайдасы да маңызды болып табылады. .

Қазіргі заманғы заманауи оқыту әдістері бүкіл әлемге таралды, бұл мұғалімдерге пайдалы және жеңіл. Оқытудың заманауи әдістері балаларды жақсы тәрбиелейді және оларды түсінікті етеді. Бұл дәуірде интернеттің білім беру қосымшаларында қолданылуының жоғарылауы байқалады, бұл студенттер мен оқытушылардың ашық және икемді оқыту жүйелеріндегі технологияларды қолдана бастағанын білдіруі мүмкін. Біздің оқыту жүйесін жетілдіруде және дамытуда технологиялар маңызды рөл атқарады.

pdf