Мақалада болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігінің педагогикалық практика негізінде қалыптасуының теориялық-практикалық маңызы қарастырылған. Педагогтердің құзіреттілік қабілеттері сипатталып, ғылыми-теориялық әдебиеттерге талдау жасалып, маманның негізгі кәсіби құзіреттерінің сипаттамасы берілген. Құзіреттілік, кәсіби құзірет- тілік ұғымдарына анықтама беріліп, оның маңызды компоненттері және оны құрайтын білім салалары көрсетілген.
Білім беру ұйымдарының кәсіби құзіретті педагогтарға жоғары сұранысы мен жоғары оқу орындарында осы бағыттағы шаралардың аз жүргізілуі, сондай-ақ заман талабына сай болашақ мұғалімдердің кәсіби дайындығының қажеттілігі және осы орайда тиімді тәсілдер- дің айқындалмауы арасындағы қарама-қайшылықтары негізінде мақала өзекті болып табылады.
Зерттеуде келесі әдістер қолданылды: теориялық әдіс, яғни зерттеу бойынша ғылыми әдебиет-терге теориялық талдау жасаужәне салыстыру, тұжырымдау; эмпирикалық әдіс, соның ішінде сауалнама және педагогикалық бақылау; статистикалық әдіс, демек зерттеу бойынша алынған нәтижелерді математикалық-статистикалық тұрғыдан өңдеу әдістері.
Педагогикалық практика барысында студенттердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру
процесінің кезеңдері ұсынылып, мақсат-міндеттері айқындалған. Жоғары оқу орнында жүргізілетін педагогикалық практика негізінде химия білім беру бағдарламасы 1-4 курс білім алушыларынан кәсіби құзіреттіліктерінің қалыптасуын анықтау барысында алынған сауалнама нәтижелері талданған. Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша білім алушылар өз мамандықтарымен, оның талаптарымен, кәсіби құзіреттіліктің және теорияны практикада қолданудың, кәсіби қабілеттерді игерудің маңыздылығын түсінгендігін айта аламыз. Алынған зерттеу нәтижесін жоғары білім беру ұйымы студенттерінің кәсіби құзыреттілігінің қалыптасу деңгейін арттыру мақсатында қолдануға және жоғары оқу орындарының практикасында,сондай-ақ біліктілікті арттыру жүйесінде қолдануға болады.
