Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БИОЛОГ МАМАНДАРДЫ ДАЯРЛАУДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖОБАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ НЕГІЗІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Жарияланды June 2023

203

61

Аңдатпа

Жобалық қызмет негізінде экологиялық білім беруді қалыптастыру және дамыту мәселесін шешудің тиімді жолдарын табу қазіргі таңда өзекті тақырыптардың бірі. Алайда қоғамның өмір сүру ортасына экологиялық көзқарасты қалыптастыру қажеттілігі мен білім беру жүйесінде жобалық қызметтің болмауы немесе жеткіліксіз дамуы арасында қайшылық бар. Сонымен қатар білім беру жүйесінің жаңа моделіне көшу қазіргі уақытта экологиялық білім берудің жобалық моделі шеңберінде педагогтардың қызметке дайындығы болмаған кезде жүзеге асырыла бастады. Сондықтан биолог мамандарды даярлауда экологиялық білім беруді қалыптастыру екі үлкен блокты қамтуы қажет – мұғалім ретінде кәсіби дайындық және экологиялық мәдени адам ретінде жеке дайындық. Осылайша бұл тақырыптың өзектілігі анықталады. Осы мақаланың мақсаты биолог мамандарды даярлауда экологиялық білім беруді жобалық іс-әрекет негізінде қалыптастыруды зерттеу. Мақала нысаны – эколо- гиялық білім беруде жобалық іс-әрекетті қолдану процесі мен шарттары. Биолог мамандардың экологиялық білімінің тиімділігін арттыру мақсатына жету үшін негізінен экологиялық сауаттылық деңгейінің өсуі, жобалық іс-әрекет арқылы экологиялық дүниетанымның қалыптасуы қажет және «Экология», «Экологиялық білім беру» бағдар- ламасы бойынша әр түрлі мамандықтағы мұғалімдерді жобалау әдісі негізінде ұйым- дастырудың мазмұнына, принциптері мен технологияларына аз көңіл бөлінеді деген қорытынды жасалды.

pdf