Компьютерлік технологияның қарқынды жылдамдықпен дамуы осыдан 2-3 жыл бұрын ғана фантастика санаты ретінде көрінген виртуалды шындықтың (VR технологиялары) біртіндеп біздің өміріміздің құрамдас бөлігіне айналуына әкелді. Виртуалды шындық – пайдаланушыда болып жатқан нәрсенің шындық иллюзиясын жасайтын, интерактивті үш өлшемді жасанды әлем. Бұл мақалада жақында пайда болған және белсенді дамып келе жатқан жаңа виртуалды шындық ортасы - VR технологиялары жөнінде қарастырылады. Және география пәнін оқытудағы VR технологияны қолданудың тиімділігі мен тиімсіз тұстары, оның пайдаланушыға әсері
де талқыланады. Бұл сұрақтарды зерттеу маңыздылығы білім беруде виртуалды шындықты (VR технологияларын) пайдалану мүмкіндігін талдау үшін қажет.
Оқу процесінде ең алдымен пәнге деген қызығушылықты, географияны оқуға деген ынтаны арттыру маңызды болып келеді. Бұл мәселені шешудің бір жолы – заманауи оқыту құралдарын, соның ішінде VR технологияларын пайдалану. VR технологиясын география сабақтарында қолданудың мақсаты білім алушылардың пәнге деген қарым-қатынасын жаңаша ,яғни заманауи түрде қалыптастыру. Берілген мақаланың мақсаты – VR технологияларын білімге енгізу барысындағы мәселелерді талқылау, оның оқу процесіне қалай әсер ететінін анықтау, сонымен қатар танымал виртуалды шындық бағдарламаларын және оны оқу процесіне енгізу кезіндегі кездесетін
кедергілерін анықтау. Қазіргі кезде білім беру саласына виртуалды шындық – VR технологиялары белсенді түрде енгізілмеген. Себебі, біріншіден, сапалы жабдықтың құны өте жоғары, сондықтан кез-келген мектеп немесе кез-келген басқа мекеме VR құрылғысын сатып ала алмайды. Екіншіден, бұл технологияны оқу процесіне қалай енгізу керектігін және одан қандай үлкен пайда әкелетінін бәрі бірдей түсіне бермейді. Барлық осы қиындықтарға қарамастан, виртуалды шындық (VR технологиялары) болашақта оқу орындарындағы білім беру процесінің бөлігі болатыны сөзсіз.
Өйткені, бір кездері мектептер мен университеттерде презентациялар мен интерактивті тақталар да белсенді қолданылмаған, ал қазір бұл компоненттерсіз сабақтарды елестету мүмкін емес.
ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА VR ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ
Жарияланды June 2023
215
180
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
жаңа технология, виртуалды шындық технологияcы, география, педагог, тиімділік, 3D, Google Earth VR
Дәйексөздерді қалай жазу керек
