Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланды November 2024

169

12

Аңдатпа

Терминологияның жалпы теориясын қалыптастыру XIX ғасырға сәйкес келеді, бұл кезең бірқатар жасанды тілдердің (эсперанто, идо, воляпюк және т.б.) құрылуымен ерекшеленеді. Лексика мен сөзжасам құралдарын ретке келтіру бойынша жүйелі зерттеулер жүргізіліп терминологиялық жұмыстың дами бастаған бастапқы кезеңі болды.

Географиялық терминологияны немесе географиялық аппелятивті зерделеу қазіргі кезеңде этнолингвистиканың, тіл ғылымымен шектескен ономастиканың  бір бөлігі және  география пәнінің топонимикалық бөлігі ретінде өзекті мәселелердің біріне айналуда. Географиялық аппелятивті лексиканың құрамы топонимика мамандары үшін ғана емес, диалектиканы зерттеушілер үшін де әр аймақтың лекцикалық бірліктерін анықтауда маңызды.  Аппелятивті лексиканы лингвогеографиялық зерделеу тілдің сөздік құрамын, әр аймақтың диалектілерін зерттеуші ғылыми бағытпен тығыз байланысты.

Географиялық терминология үшін ең бастысы сөздің шығу тегі мен аумақтық  географиялық аппелятивті лексиканың арақатынасына байланысты.

Географиялық ұғымдар мен терминдер тілі – география ғылымында ұғымдар мен терминдер жалпы ғылыми білімнің негізі ретінде бір-бірімен тығыз байланыстағы біртұтас жүйені құрайды немесе түсіндірмелік-терминологиялық аппараттан тұрады (С.В.Калесник, В.Б.Сочава, Д.Л.Арманд, И.С.Щукин, А.Г.Исаченко, Э.Б.Алаев, В.С.Преображенский, Т.Д.Александрова, т.б.). Географиялық ұғымдар мен терминдер бір-біріне бағыныңқы да келеді. Ғылыми термин  географиялық тілге көмекші қызмет, ал ұғым негізгі қызметті атқарады. Себебі,  ұғым білімнің мазмұндық-теориялық бөлігін қамтитын ғылыми заңдар мен заңдылықтардың, ілім, теория, тұжырымдар мен болжамдарға тірек қызметін атқарады.

Қазіргі кезде салыстырмалы-типологиялық  тұрғыдан географиялық терминдерге жүйелі талдау жасау мәселелері өзекті болып отыр. Соның ішінде орыс және қазақ тіліндегі географиялық терминология ғылыми терминология құрамында лингвистикалық және функционалдық аспекті тұрғысынан әлі де толық зерттелмеген. Географиялық термин жүйелерінің жан-жақты зерттелмеуі, терминдердің құрылымдық және семантикалық ерекшеліктерінің сипатталмауы, салалық сөздіктердің әлі де толық жеткілікті түрде болмауы кәсіби арнайы географиялық әдебиеттерде терминдерді аударуда қиындық тудырып отыр. Осыған орай, мақалада терминологиялық зерттеулер және географиялық терминологияның қалыптасуының теориялық негіздеріне талдау жасау мәселелері қарастырылады.

Түйін сөздер: терминология, географиялық терминология, топонимика, географиялық ұғымдар мен терминдер тілі, географиялық фактілер, халықтық терминдер, жергілікті географиялық терминдер, терминнің функционалдық тұжырымы.

pdf