Қазақстан Республикасың Білім беру жүйесінің соңғы жылдары басым міндеттерінің бірі оқушылардың жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Мектептегі химияны оқу оқушылардың дүниетанымын және әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруға ықпал ететіні ешкімде күмән тудырмайды. Сонымен қатар, химия сабақтарының мазмұнын сақтай отырып уақыты қысқаруы жағдайында, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы төмендейді. Бұл мәселені шешудің негізгі әдістерінің бірі-оқушылырға әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше білім алуға үйренуге мүмкіндік беретін, мотивация мен шығармашылық қабілеттердің дамуына ықпал ететін жобалау технологиясын қолдану. Бүгінгі таңда жоба әдісі әлемдегі ең танымал әдістердің бірі болып табылады, өйткені ол теориялық білімді және қоршаған шындықтың нақты мәселелерін шешу үшін практикалық қолдануды ұтымды үйлестіруге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру өте күрделі процесс, ол көбінесе оқушы мен мұғалімнің іс-әрекетін қатаң жоспарлауға және ұйымдастыруға
байланысты. Жобалық жұмыстың максималды тиімділігіне қол жеткізу үшін жобаны жүзеге асырудың барлық кезеңдерін нақты жоспарлау қажет. Мақалада оқу-зерттеу жобаларының мазмұны мен ұйымдастырылуына қойылатын әдістемелік талаптар, сондай-ақ сабақ және сабақтан тыс уақытта оқушылардың жобалық қызметін ұйымдастыруға арналған негізгі ұсыныстар сипатталған. Химия пәнінен 10-сынып оқушыларына арналған "Металлургиялық қалдықтардан мысты сілтісіздендіру процесінің химиясы" жобасының мысалы келтірілген. Ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттарды сақтай
отырып өткізілген жобаның нәтижелері негізінде, химиялық өндіріс туралы жекелеген тақырыптарды зерделеу кезінде жобалық әдісті қолдану оқушылардың оқу материалын игерудегі табыстылығы артады деген қорытынды жасалды
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ӨНДІРІС ТУРАЛЫ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ ҮШІН ЖОБА ӘДІСІН ҚОЛДАНУ
Жарияланды March 2023
244
143
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
