Бұл мақалада Hermetia illucens шыбындарын зертханалық жағдайда өсіріп, оның
дернәсілдерімен тағам қалдықтарын өңдеу тиімділігі зерттелген. Жұмыста Hermetia illucens
дернәсілдерін жасанды ортада өсіру арқылы тағам қалдықтарын өңдеудің тиімділігі
анықталды. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы – жасанды жағдайда үй немесе
өндірістік деңгейде кез-келген көлемдегі тағам қалдықтарын қысқа уақыт аралығында
өңдеуге мүмкіндік береді.
Hermetia illucens шыбындары мен дернәсілдерін өсіру үшін жасанды ортада, оңтайлы
жағдайлар жасау жолдары сипатталды. Hermetia Illucens құрылымы, оның иерархиясындағы
орны зерттеліп, оның таралу орындары, биологиялық және өндірістік маңызы зерттелді.
Hermetia illucens шыбындары дернәсілдері арқылы тағам қалдықтарын өңдеу, оның жалпы
көлемін және ылғалдылығын азайтуда тиімділігі жоғары екенін көрсетті.
Сонымен қатар, Hermetia illucens дернәсілдерін өсіруге қолайлы жағдай жасау үшін
өндірісте қолданылатын қажетті ресурстар шығынының мөлшері және тағам қалдықтарын
өңдеудің тиімділігі зерттелді. Hermetia illucens дернәсілдері тағам қалдықтарын өңдеуде
басқа дернәсілдермен немесе осы бағытта қолданылатын технологиялармен салыстырғанда
кез келген көлемдегі тағам қалдықтарын жоғары тиімділіктен және қысқа уақыт аралығында
өңдеуге қабілеттілігімен ерекшеленеді. Инсектарийдегі шыбындарға қажетті экологиялық
факторлардың көрсеткіштері қарастырылды
ТАҒАМ ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕУ ҮШІН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖАҒДАЙДА HERMETIA ILLUCENS ШЫБЫНДАРЫН ӨСІРУ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланды October 2024
158
8
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
Hermetia illucens, инсектарий, дернәсілдер, субстрат, тағам қалдықтары, өңдеу, тіршілік ету циклі.
Дәйексөздерді қалай жазу керек

