Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ГЕОСАЯСИ ҚАУІПСІЗДІГІН МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІН ЖЕТІЛДІРУ

Жарияланды June 2023

223

97

Аңдатпа

Мақалада зерттелетін, сөз болатын ең басты мәселе – Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі. Оған әсер ететін негізгі факторлардың қандай екендігіне сипаттама берілді. Атап айтар болсақ, еліміздің геосаяси жағдайында, тұрақтылығында, қауіпсіздігінде маңызды роль ойнайтын географиялық, шекаралық, саяси, ресурстық факторларға талдау жасалынды. Соның ішінде шекаралық тұтастықтың маңыздылығына баса назар салдық. Ұлттық қауіпсіздің ұғымына тоқталып, анықтама бере отырып оның еліміздің тұтастығында үлкен роль атқаратындығына тоқталдық. Оған қоса ұлттық қауіпсіздігімізге, Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігіне, оның тұрақтылығына әсер ететін екі үлкен негізгі жағдай – біз шекараласатын екі алып мемлекет:  Ресей Федерациясы мен Қытай Халық Республикасы екендігін жаздық. Осы аталған екі мемлекет арқылы төнетін қауіп пен әсер ететін факторларға талдау жасадық. Ең бірінші кезекте еліміздің геосаяси жағдайына баға беріп өттік. Геосаси қауіпсіздікті тұрақтандыру барысын синофобия және русофобия тұрғысынан да қарастырдық. Еліміздегі русофобия мен синофобия себептерін және таралу аймақтарын, әсер ету деңгейіне тоқталдық. Қай ел болмасын қайда орналасқанына қарай сыртқы саясаты мен ахуалы өзгеріп отырады. Яғни, шекаралас мемлекетте болып жатқан жағдайлар міндетті түрде әсерін тигізеді. Бұл ретте Орта Азиядағы кикілжіңдердің Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігі мен тұрақтылығына әсерін мысал ретінде жазып отырмыз. Сонымен қатар, Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігін мектеп географиясында, атап айтар болсақ - 10, 11-сыныптарда оқыту әдістемесін жетілдіруде қолдануға болатын әдіс-тәсілдердің бірнешеуіне тоқталып өттік. Солардың ішінде геосаяси тақырыптарды ашуда тиімді болатын әдіс ретінде проблемалық оқыту мен дискуссия арқылы оқыту әдісін қарастырдық. Және сонымен қатар картографиялық әдістің де тиімділігін осы тарауда қолдануға болатындығын атап өттік. Мақаланың негізгі мақсаты мектеп бағдарламасындағы геосаясат бөлімінде Қазақстанның геосаяси қауіпсіздігін синофобия мен русофобияның тарихы мен әсер ету жағдайлары тұрғысында қарастыру. Оған қоса мектеп бағдарламасында геосаясат бөлімін оқытудың әдістемелерін жетілдіру болып табылады.

PDF