Зерттеудің қажеттілігі құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану арқылы білім алушыларда танымдық оқу әрекеттерін қалыптастыру бойынша қызметті ұйымдастыру шарттарының жеткіліксіз дамуына негізделген. Жоғарыда айтылғандай танымдық оқу әрекеттерін қалыптастыру мәселесінде құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды қолдану қосымша зерттеулерді қажет етеді. Осылайша, бірқатар қарама-қайшылықтар анықталды: білім алушыларға қоғамның қазіргі талаптарына сай болуы үшін танымдық оқу әрекеттерін жеткілікті түрде дамытуы керек, бірақ орта мектепте химия пәнін оқыту процесінде танымдық оқу әрекетін дамыту мәселесі педагогикалық теория мен практикада жеткіліксіз зерттелген. Бұл қарама– қайшылықтар зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді және оның мәселесін тұжырымдауға мүмкіндік береді: білім алушыларда танымдық оқу әрекеттерін қалыптастыру үшін құзырет- тілікке бағытталған тапсырмалар қандай болуы керек?
Танымдық оқу әрекетін қалыптастыру үшін білім алушылардың келесі шарттармен оқу қызметі ұйымдастырылды. Біріншіден, "Қызықты химия" үйірмесін әзірлеу және өткізу. Екіншіден, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың нақты түрлерін пайдалану негізінде жұмыс құру. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс оң нәтиже берді. Зерттеудің маңыздылығы: мақала материалдары мектеп химия мұғалімдері үшін пайдалы болуы мүмкін.
