Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ҚАЛАЛАРДЫҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ: МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ШЕШІМДЕР

Жарияланды June 2023

216

150

Аңдатпа

Бұл мақалада экономиканың, экологияның және әлеуметтік жағдайдың үйлесімді дамуын қарастыратын Тұрақты даму тұжырымдамасына, оның мақсаттарына назар аударылды. Әлем елдері дамуының бағдарына айналған тұрақты дамудың 17 мақсатына шолу жасалып, оның ішінде ТДМ 11 - «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» дамуына ерекше мән берілді. Қалалар мен елді мекендердің тұрақты даму ықалай жүзеге асуы керек екендігі жөнінде нақты критерий- лер көрсетілді. БҰҰ-ның ТДМ перспективалық даму жоспарының қағидаттарын, алғашқы- лардың бірі болып өз экономикасына енгізе бастаған Қытай елінің тәжірибесіндегі тиімді шешімдеріне назар аудардылды. Қытай елінің тұрақты дамуды қолдаудағы басқа елдерден ерекшелігі, оның экономика, көлік саласындағы атқарылып жатқан жұмыстары мен қалаларын- дағы негізгі тенденциялар, инновациялық даму бойынша шешімдері – шетелдік озық тәжірибе- лерге негіз болады. Урбандалудағы жаһандық трендтің Қазақстандағы көрінісіне шолу жасалып, «Экономикалық зерттеу институты» АҚ келтірген ақпараттары бойынша Қазақстанның 25 қаласының «экономика және бизнес», «адам ресурсы», «инфрақұрылым» факторлары бойынша өмір сүру сапасына талдау жасалып, әр топтағы көш бастаушы және өте төмен деңгейді көрсеткен қалаларға салыстырмалы талдаулар жасалды. «Тұрақты қалалар мен елді мекендер» атты мақсат біздің елде қалай жүзеге асырылып жатқандығын бақылау үшін, Алматы мен Стамбул қалаларының әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, қаржылық жағдайын көрсететін біршама Mercer индексі секілді индикаторлар бойынша салыстырулар жасалды, әлсіз тұстары мен ұқсастықтары анықталды. 2020-жылдың 6-ақпанында Астана қаласындағы Назарбаев Университетінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасының «Урбанизация Қазақстан- дағы инклюзивті және тұрақты дамудың үдеткіші ретінде» тақырыбындағы баяндамасында еліміздегі урбандалу үдерісіне, елдің адам даму индексіндегі орнына берілген сипаттамаларға мысалдар келтірілді. Қорытынды ретінде Қытай елінің және Стамбул қаласының тұрақты дамудағы энергетика, көлік салалары бойынша озық тәжірибелерінен бірнеше ұсыныстар әзірленді.

PDF