География білім беру бағдарламасы студенттерінің STEM білім беру процесін зерттеуі
картографиялық тұрғыдан қамтамасыз етуді тәжірибе үдерісінде оқыту өзекті болып
табылады.
Зерттеу барысында тереңдету қажеттілігі сияқты әртүрлі негізгі мәселелер анықталды
ГАЖ технологиясы теориялық негіздерін зерттеу, ағымдағы ArcGIS-ті пайдалану және
зерттеу жұмыстарын жүргізуге қолжетімділіктің шектелуі және жұмыс тәжірибесінің
болмауы деректерді өңдеу мен талдаудың заманауи әдістері туралы Google формада
экспериментке дейінгі тапсырма құрастырылып білім алушылармен жұмыстар жүргізілді.
Білім алушылардың ғылыми зерттеу дағдыларын қалыптаастыру үшін, STEM білім беруді
картографиялық тұрғыдан зерттеу тәжірибелік сабақтар тапсырмалары әзірленді және оқу
үдерісі барысында орындатылды. Зерттеу барысында ArcGIS бағдарламалық пакетін қолдана
отырып, тапсырмалар негізінде карталар сызылып, ондағы деректерді талдау әдісі
қолданылды.
Негізгі гипотеза - картографиялық тәсілдер зерттеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді.
Нәтижесінде деректердің картографиялық талдауы негізінде оң көрсеткіштер алынды.
Практикада алынған нәтижелер білім алушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын
жетілдіруге ықпал етеді, ал ұсынылған әдістер STEM бағытындағы тапсырмаларды тиімді
бағалауға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік сабақтарда картографиялық деректерді зерттеу жұмыстарына тиімді
пайдалану әдісін 25 магистрант арасында тапсырма орындай отырып, нәтижелерін
эксперимент соңында құрылымдауға және өңдеуге мүмкіндік берді. Әдіс арқылы деректерді
картаға түсіру білім алушыларға ғылыми зерттеулерді дәл талдауды және интерграциялауды
қамтамасыз етті. Нәтижелер оң көрсеткіштерді, деректер негізінде зерттеу қорытындылар
жасалды және STEM-ге негізделген тапсырмаларды бағалау бойынша қорытынды жасалды.
ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРДА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНА ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Жарияланды March 2025
66
27
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
географиялық ақпараттық жүйе, картографиялық дерек, STEM білім беру, зерттеу, кеністіктік ойлау, экология.
Дәйексөздерді қалай жазу керек

