Бұл мақала биолог-студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыруға далалық
зерттеулердің әсерін Түркия, АҚШ, Германия және басқа елдердің әлемдік тәжірибесіне
сүйене отырып Қазақстан жағдайында қарастырады, қолданылатын әдістер мен тәсілдерді
талдайды және оларды білім беру үдерісіне енгізу нәтижелерін бағалайды. Өйткені, далалық
зерттеулер – биолог-студенттерді даярлауда тәжірибеге бағытталған білім берудің ажырамас
бөлігі, әрі студенттердің практикалық дағдыларын, зерттеушілік ойлауын және кәсіби
құзыреттілігін дамытуға тікелей ықпал етеді. Әлемдік тәжірибеде әр түрлі елдердің білім
беру жүйелерінің ерекшеліктеріне, табиғат ерекшеліктеріне және технологиялық даму
деңгейіне негізделген далалық зерттеулерді ұйымдастырудың және жүргізудің көптеген
тәсілдері бар. Осымен байланысты, зерттеу жұмысының мақсаты – Қазақстанда, Түркияда
және басқа елдерде далалық зерттеулерді қолдану тәжірибесін салыстырмалы талдау, оларды
ұйымдастыру әдістемесіндегі жалпы тенденциялар мен айырмашылықтарды анықтау.
Зерттеу нәтижелеріне қол жеткізу үшін білім беру бағдарламаларының құрылымдары,
зерттеу жүргізу әдістері, олардың кәсіби дағдыларды қалыптастыруға және студенттердің
дайындық деңгейіне әсері қарастырылды. Зерттеу нәтижелері далалық зерттеулер кезінде
жобалық оқытуды қолдану материалды тереңірек игеруге, студенттердің тәуелсіздігі мен
зерттеу дағдыларын дамытуға оң әсер ететінін көрсетеді. Технологиялық даму деңгейі
жоғары елдерде студенттер нақты экологиялық және биологиялық мәселелерді шешетін
пәнаралық жобаларды жасауды кеңінен қолданылатыны анықталды. Ал, ресурстары
шектеулі аймақтарда деректерді жинау мен өңдеудің дәстүрлі әдістері сақталған, бірақ
жобалық тәсіл біртіндеп енгізілуде. Зерттеудің қорытынды бөлімі далалық жұмыстарды
жобалық оқытумен ұштастыру болашақ биолог-мамандарды даярлаудың ең тиімді әдісі
ретінде студенттердің заманауи ғылымда және білімді практикалық қолдануда құзыреттілігін
қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.
БИОЛОГ-СТУДЕНТТЕРДІҢ ПРАКТИКАЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ДАЛАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕСІ
Жарияланды March 2025
66
27
Аңдатпа
Тіл
English
Кілт сөздер
Оқу үдерісі; биологиялық білім; практикалық құзыреттілік; практикалық дағды; биолог-студент.
Дәйексөздерді қалай жазу керек

