Қазіргі заманғы биология білімінде компьютерлік бағдарламалар мен бейнефильмдер
сияқты цифрлық құралдарды пайдалану оқушылардың қызығушылығын арттырып,
материалды жақсы меңгеруге көмектеседі. Бұл зерттеу орта мектепте мультимедиалық оқыту
әдістерінің тиімділігін бағалауға бағытталған. Эксперименттік топ (цифрлық құралдар
қолданылған) және бақылау тобы (дәстүрлі әдіспен оқытылған) зерттелді. Оқушылардың
үлгерімін бағалау үшін алдын ала және қорытынды тесттер жүргізілді. Нәтижелер
эксперименттік топтағы үлгерімнің едәуір артқанын көрсетті (30% өсім), ал бақылау тобында
бұл көрсеткіш 12%-ды құрады. Бұл мультимедиалық ресурстарды күрделі биологиялық
ұғымдарды түсіндіруде пайдаланудың артықшылықтарын дәлелдейді. Зерттеу нәтижелері
Майердің мультимедиалық оқыту теориясына сәйкес келеді, онда вербалды және визуалды
ақпаратты үйлестіру когнитивтік артықшылықтар беретіні көрсетілген. Сонымен қатар,
Джонассеннің конструктивистік оқыту тәсілі сандық ортадағы проблемалық оқытудың терең
түсінік қалыптастыруға ықпал ететінін растайды. Зерттеу Қазақстан Республикасының білім
мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының
цифрлық технологияларды оқыту үдерісіне енгізу қажеттілігі туралы қағидаларын да
қарастырады. Алынған нәтижелер мультимедиалық оқыту әдістерін биология пәніне кеңінен
енгізу оқушылардың жетістіктері мен қызығушылығын арттыруға мүмкіндік беретінін
көрсетеді.
МЕКТЕП БИОЛОГИЯСЫН ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН БЕЙНЕФИЛЬМДЕРДІ КЕШЕНДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
Жарияланды March 2025
84
36
Аңдатпа
Тіл
English
Дәйексөздерді қалай жазу керек

