Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ТҰРАҚТЫ ДАМУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ХИМИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІ: ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕР МЕН ӘДІСТЕР

Жарияланды March 2025

78

34

Аңдатпа

Ғылым мен технологияның қарқынды дамуы жағдайында студенттердің ғылыми-зерттеу
іс-әрекетінің дағдыларын қалыптастыру ерекше маңызға ие. Мақалада тұрақты даму
контекстінде химияны оқытудың заманауи тәсілдері қарастырылады. Қазіргі таңда тұрақты
даму контекстіндегі химия пәні маңызды орын алады, себебі ол өмірдің молекулалық
негіздерін зерттеуден бастап, болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ете алатын жаңа
энергия көздерін құруға дейінгі көптеген мәселелерді шешуге көмектеседі. Сонымен қатар,
авторлар химия мамандығы бойынша білім алатын 2 курс студенттеріне арналған "Химия
пәнінен ғылыми-зерттеу жұмысының негіздері" дисциплинасын оқыту кезінде қолдануға
болатын зерттеу әдістемесін ұсынады. Бұл әдістемелік тәсіл болашақ мамандардың сыни
ойлауын, экологиялық жауапкершілігін және зерттеу құзыреттілігін дамытуға бағытталған.
Жұмыста негізгі педагогикалық принциптер, белсенді оқыту әдістері, сондай-ақ тұрақты
дамуды білім беру процесіне біріктіруге бағытталған практикалық тапсырмалар мен
жобалардың мысалдары сипатталған. Студенттерге теориялық білімді игеріп қана қоймай,
оларды практикалық іс-әрекетте қолдануға мүмкіндік беретін жобалық және проблемалық
бағдарланған оқытуды енгізуге ерекше назар аударылады. Бұл тұрғыда зерттеу
зертханалары, химиялық процестерді модельдеу үшін цифрлық технологияларды пайдалану,
сондай-ақ тұрақты дамуды жан-жақты зерттеуге ықпал ететін пәнаралық тәсіл сияқты
оқытудың инновациялық әдістері қарастырылады.
Ұсынылған оқыту әдістемесі студенттердің ақпаратты өз бетінше іздеу дағдыларын
қалыптастыруға, экологиялық қауіпсіз технологияларға баса назар аудара отырып химиялық
эксперименттер жүргізуге, сондай-ақ жасыл химия принциптерін ескере отырып алынған
деректерді талдауға бағытталған. Ол үшін баламалы энергия көздерін зерттеу, қалдықтарды
қайта өңдеу, қоршаған ортаның ластануын бақылау және табиғатқа ең аз әсер ететін жаңа
материалдарды әзірлеуді қамтитын арнайы оқу модульдері әзірленді.

PDF