Бұл мақалада электрондық тренажердің бейорганикалық химия саласындағы өзін-өзі
оқытуға әсері зерттеледі. Зерттеу барысында 40 студент, оның ішінде 1-ші топта 20 студент
және 2-ші топта 20 студент, электрондық тренажерларды қолдану арқылы өз білімін
жетілдіруге қатысты сауалнама мен сұхбат жүргізді.Нәтижелер көрсеткендей, студенттердің
70%-ы 3D молекулалық модельдер мен симуляциялар сияқты интерактивті мүмкіндіктердің
бейорганикалық химияның күрделі ұғымдарын түсінуге айтарлықтай көмектескенін атап
өтті. Бакалавр студенттері үшін интерактивті құралдардың негіздеріне қатысты түсінік беру
маңызды болса, магистранттар үшін олар күрделі тақырыптарды, мысалы, координация
химиясы мен реакция механизмдерін түсінуге көмектесті. Зерттеу нәтижелері электрондық
тренажерлардың қолжетімділігі, үнемділігі және интерактивтілігі оқу процесін тиімдірек
етіп, студенттердің өз бетінше білім алуына ықпал ететінін көрсетті. Сонымен қатар, оқу
тәжірибесінің сапасы бойынша студенттердің 60%-ы электрондық тренажерлармен жоғары
деңгейде қанағаттанғанын білдірді. Ал зерттеу барысында кездескен кейбір қиындықтар,
мысалы, оқу материалдарын навигациялау мәселелері, электрондық оқыту құралдарының әрі
қарай жетілдірілуін қажет етеді деген қорытындыға әкелді.
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯДАН ӨЗ БЕТІНШЕ БІЛІМ АЛУҒА ЭЛЕКТРОНДЫҚ КІТАПТЫҢ ӘСЕРІ
Жарияланды March 2025
66
29
Аңдатпа
Тіл
English
Кілт сөздер
электрондық тренажер, өзін-өзі оқыту, бейорганикалық химия, күрделі ұғым, интерактивті оқу.
Дәйексөздерді қалай жазу керек

