Бұл мақалада әр жылдардағы биология оқулықтарының (1992 жылғы алғашқы биология оқулықтарынан жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жаңа буын оқулықтарына дейін) әртүрлі авторлық қатардағы өсімдіктер мен жануарларды анықтау әдісі ретінде дихотомиялық кілттің қолданылуы талданады.
Барлық дерлік пәндер бойынша жаңа оқулықтардың басымдығы әрекет арқылы білім беру болып табылады, сондықтан дихотомиялық кілтті қолдану әдістемесін меңгеру өте құнды. Ағзалардың әртүрлі топтарының жүйелік ерекшеліктерін анықтауда және берілген өсімдіктер мен жануарлардың таксономиялық орнын анықтауда практикалық дағдыларды қалыптастыруды жүзеге асыруда мектеп оқушыларының бұл әдістемені меңгеруінің рөлі көрсетілген.
Жаңа буын оқулықтарын жан-жақты талдау (2017 жылғы «Биология» оқулығының мысалында (7-сынып), авторлары Е.А. Очкур, Ж.Ж. Құрманғалиева) авторлардың дихотомия- лық кілтті қолдануда жіберілетін сәйкессіздіктерін немесе әдістемелік қателерін көрсетеді. Бұл кемшіліктердің барлығы бұл әдістемені негізгі құзыреттерді қалыптастыру құралы ретінде меңгеруді қиындатады.
