Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

АДАМЗАТТЫҢ ӨМІР СҮРУ САПАСЫ – ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ КӨРСЕТКІШІ

Жарияланды March 2025

65

19

Аңдатпа

Технология қарыштап дамыған заманауи қоғамда әлемдегі кез келген елдің
экономикалық дамуы, ең алдымен, азаматтарының өмір сүру деңгейі және өмір сүру
сапасымен анықталады. Халықтың өмір сүру сапасының көрсеткіштері жүргізіліп жатқан
реформалардың әлеуметтік-экономикалық әсерін айқындайтын және қоғамдағы әлеуметтік
тұрақтылық пен шиеленіс деңгейін бағалайтын негізгі индикаторлар болып саналады. Қазіргі
уақытта халықтың өмір сүру сапасын жақсарту қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз
етудің басты стратегиялық, әрі күн тәртібіндегі ең көкейкесті бағыттарының бірі болып
отыр. Осы мәселелерді ескере отырып, адамзаттың өмір сүру сапасын бағалау, қазіргі
заманғы қоғамдағы рөлін сараптау және сапаны жақсартудың тиімді жолдарын ұсыну
мақсатында ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.
Мақалада адамзаттың өмір сүру сапасын бағалау көрсеткіштері, соның ішінде ЖІӨ,
адами даму индексі (HDI), экологиялық тұрақтылық индексі (ESI), өмір сүру ұзақтығы және
бақыт индексі негізінде мемлекеттердің даму деңгейлері сараланды. Зерттеу барысында
әлемдік деңгейдегі өмір сапасы индексін анықтайтын ұйымдардың бірі Numbeoның
мәліметтеріне сүйене отырып, өмір сүру сапасы жоғары, орта, төмен деңгейдегі елдердің
көрсеткіштері салыстырылып, олардың негізгі айырмашылықтары айқындалды.
Зерттеу әдістері ретінде ғылыми статистикалық мәліметтерді жинау, салыстырмалы
түрде статистикалық деректерді өңдеп, талдау және индекстік бағалау қолданылды. Барлық
әдістер мүмкіндігіне қарай, бір-бірімен кіріктірілген тұрғыда жүргізілді. Зерттеу нәтижелері
өмір сүру сапасын жақсарту үшін экономиканы әртараптандыру, денсаулық сақтау мен білім
беру жүйелерін жетілдіру, экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік
әділеттілікті нығайту қажет екенін көрсетті. Алынған нәтижелерді болашақта осы бағытта
жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарында, өмір сүру сапасын бағалау орталықтарында
практикалық құрал ретінде пайдалануға болады.

PDF