Соңғы жылдары Қонаев қаласының саяси, экономикалық, мәдени ықпалының күшеюіне
және аумағының ұлғаюы, тұрғындар санының артуы, тұрғын үйлер мен әлеуметтік
нысандардың көбеюіне байланысты инфрақұрылымдық түйткілдер өзекті мәселеге айналып
отыр. Қонаев қаласының орнықты дамуын қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын
жақсарту, экономикалық өрлеуді ынталандыру және туризмді дамыту үшін қаланың
инфрақұрылымын шұғыл түрде жаңғырту маңызды міндет болып табылады. Осыған сәйкес,
«Қонаев қаласының инфрақұрылымын модернизациялау мәселелері» тақырыбында зерттеу
жұмысы жүргізілді.
Бұл мақалада Қонаев қаласының қазіргі таңдағы инфрақұрылымдық ахуалы және оны
модернизациялау мәселелері қарастырылады. Зерттеу барысында қаланың көлік, инженерлік,
әлеуметтік және туристік инфрақұрылымдарының жағдайына талдау жасалып, оны жақсарту
жолдары бойынша нақты ұсыныстар әзірленді. Зерттеу әдістері ретінде мәліметтер
базасымен жұмыс: жинақтау, талдау, синтез, салыстырмалы талдау, статистикалық
деректерді талдау қолданылды.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – Қонаев қаласының инфрақұрылымын
модернизациялаудың өзектілігін анықтау және оны тиімді жүзеге асыру бойынша ұсыныстар
беру болып табылады.
Инфрақұрылымды модернизациялау Қонаев қаласының тұрақты дамуы үшін маңызды
шарт болып табылатындықтан, зерттеу нәтижелері болашақта жүргізілетін зерттеулер үшін
бағыт-бағдар беретін әдістемелік негіз болады.
ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жарияланды March 2025
66
20
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

