Мақалада Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) жүзеге асырудағы мектептегі география
курсының рөлі қарастырылады. Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) білім беру үрдісіне
интеграциялау оқушылардың ғаламдық проблемаларға саналы көзқарасын қалыптастыруға
ықпал ететін педагогиканың маңызды бағыты болып табылады. БҰҰ әзірлеген ТДМ
қоғамның және экономиканың дамуына, сондай-ақ экологияны сақтауға қол жеткізу үшін
әмбебап бағдарларды ұсынады. ТДМ барлық адамдар үшін әл-ауқатты ескере отырып
планета мен табиғатты қорғауға бағытталған және оларды жүзеге асыруда мүмкіндіктері бар.
ТДМ-ны білім беру үрдісіне қосу тұрақты болашақты қалыптастыруға саналы әрі
жауапкершілікпен қарауға қабілетті жаңа ұрпақты тәрбиелеуге ықпал етеді. География пәнін
оқытуда Тұрақты даму мақсаттарын терең зерттеу академиялық білімді тұрақты болашақты
құру үшін қажетті өмірлік дағдылармен үйлестіре отырып, оқытудың жаңа көкжиегін ашады.
География кіріктірілген ғылым саласы ретінде оқушылардың бойында экологиялық мәдениет
және табиғи, әлеуметтік және экономикалық процестердің өзара қатынастары туралы жүйелі
түрде ойлау қабілеттерін қалыптастыруға үлкен мүмкіндіктер береді. Әсіресе, Тұрақты даму
мақсаттарының түйінді аспектілерін оқыту арқылы оқушылардың пәндік құзыреттерін
қалыптастыруға жағдай жасайтын әдістемелік тәсілдер мен педагогикалық технологияларды
даярлауға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар Тұрақты даму мақсаттарын климаттың
өзгеруі және экожүйені сақтау сияқты оқу материалдары тақырыптарына кіріктірудің
мысалдары келтіріледі. Оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстары арқылы алған
білімдерін практикада қолдануларына көмек беретін оқытудың әдіс-тәсілдері
қарастырылады. Нәтижесінде Тұрақты даму мақсаттары тұрғысынан географияны оқыту
арқылы оқушылар қазіргі заманның ғаламдық сын-қатерлерді түсініп, олардың әлеуметтік
жауапкершіліктер мен экологиялық шешімдер қабылдау қабілеті артады.
ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ РӨЛІ
Жарияланды March 2025
79
25
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек

