Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Естественно-географические науки

МҰНАЙ ХИМИЯ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ДЕПРОССОРЛЫҚ ҚОСПАЛАРДЫҢ ЖАҢА ТҮРЛЕРІН ҚОЛДАНУ

Опубликован September 2025

11

4

Аннотация

Мақалада депрессорлық қоспалардың жаңа түрлерінің дизель отынының көмірсутектік
құрамына әсерін жұқа қабатты храмотография және масс- селективті газдық хроматография
әдісімен зерттеу қарастырылады. Парафинді негізді мұнайдан алынған отынды пайдалану кезін
де жоғары қату температурасы мен отын дайындағыш арнайы жүйенің болуын талап ететін
төмен температура кезінде қозғағыштың жай жұмыс істеуіне байланысты қиындықтар туын
дайды. Дизель отынында жоғары температурада қайнайтын көмірсутектер көп кездеседі. Жоға
ры балқу температурасына ұзын тармақталмаған тізбекті көмірсутек атомдарының парафин
көмірсутектері ие. Қажетті төмен температуралы дизель отынын алу үшін фракциялық құрамын
жеңілдетіп, парафиннен тазалайды. Өндірістің бұл екі процесі де қымбат және қаржы жұм
салуын қажет етеді. Қазіргі кезде қоспасыз дизель отынын алу мүмкін емес. Сондықтан, тауарлы
гидротазартылған дизель отынын өндіруде көптеген қоспаларды пайдалану қажеттілігі туын
дайды. Көп компонентті қоспалар бірқатар талаптарға сай болуы және жоғары функционалды
сипаттамаларына сәйкес жоғары температурада қозғалтқыштың тиімді жұмыс істеуіне, сондай
ақ қату температурасы мен шекті фильтрлеу температурасын қамтамасыз ететін жоғары термия
лық қасиетке ие болуы қажет. Соған байланысты берілген мәселенің лайықты және экономи
калық тиімді шешімін отын құрамына тез қататын парафиннен тазаланбаған мұнай өнімдерінің
қату температурасын төмендететін жоғары эффективті депрессорлық қоспаны қосу арқылы қол
жеткізуге болады. Әртүрлі парафинді отынға депрессорды таңдау кезінде ең бастысы базалық
отынның химиялық құрамы мен эффективтілігін ескеру қажет.Депрессорлық қоспаны қолдану
мұнай мен мұнай өнімдерінің қасиетін жақсартатын тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Депрессорлық қоспа қатты көмірсутектердің кристалл түрінде түсуін болдырмайды. Парафин
кристалдарына әсері, оны кристалдық торға енгізуі мен қатты каркас түзілуінің нашарлауы
қоспа адсорбциясының салдарынан болады. Депрессорлық қоспаны пайдалану көп жағдайда
мұнай мен мұнайдың қымбат депарафинизация процесінен құтылуға негіз болады.

PDF (Қазақ)