Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ ТОПОНИМДЕРІНІҢ ГЕОАҚПАРАТТЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІНІҢ ҚАЗІРГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Жарияланды June 2023

203

140

Аңдатпа

Географиялық атаулар белгілі бір физикалық-географиялық жағдайда адамның күнде-лікті өмірі, тұрмысы, мәдениеті мен тарихына байланысты қалыптасып және дамып отырады. Жердің табиғаты мен шаруашылығы жайлы ақпарат адамдардың күнделікті өмірі мен қызметінде кеңістіктік бағдар ретінде қызмет атқаратын сол географиялық нысанның атауы болып тілде сақталады. Қоғамның дамуына байланысты бұл топонимдер жаңарып, әрі қарай әрдайым толықтырылып отырады.
Ұсынылып отырған мақалада Ұлытау облысы топонимдеріне тарихи-географиялық тұрғыдан қысқаша мәлімет, сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жүргізілген зерттеулеріне салыстырмалы талдау беріледі. Зерттеліп отырған аймақтың геоақпараттық зерттеулерінің қазіргі таңдағы мәселелері де қарастырылады. Мақаланың мақсаты – әр түрлі ресурстарды, салыстыру әдісін қолдана отырып, Ұлытау облысының жер-су атауларының өзгеру динамикасын қарастыру. Белгілі болғандай, Қазақстан аймағындағы топонимдер ішін-ара екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың бір бөлігі – ірі географиялық объектілердің атаулары болса, екінші тобы – кішігірім объектілер атаулары болып саналады, яғни макротопонимдер және микротопонимдер. Орталық Қазақстан аймағына кіретін жаңадан облыс атауына ие болған Ұлытау өңірі топонимдерінің ішінде сан жағынан көбі – микротопонимдер болып табылады. Өңір бойынша геоақпараттық зерттеулерді талдау барысында, басқа тілден еңген топонимдердің егемендік алғаннан кейінгі жылдардағы өзгеру динамикасын, тарихи атаулардың қаншалықты деңгейде сақталғанын және әлі де өзгертуді талап ететін жер-су атауларын білетін боламыз.

pdf