Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫҢ МАҢЫЗЫ

Жарияланды June 2023

208

103

Аңдатпа

Білім беру жүйесіндегі терең өзгерістер жағдайында қазіргі білім беру мақсаттары өзгерді. Қазіргі білім алушылар үшін дәстүрлі оқыту схемасы: жаңа тақырыпты оқу→бекіту→бағалау әрдайым қолайлы бола бермейді. Көпшілігі практикаға бағытталған тапсырмаларды орындауда қиындықтарға тап болады, алдына қойылған міндеттерді шешу үшін теориялық білімдерін қолдана алмайды, өмірге нашар дайындығын көрсетеді. Біз, бұл қарама-қайшылықты жеңу үшін қазіргі заманғы қажеттіліктерге және оқушылардың танымдық қызығушылығының толық дамуына сәйкес келетін оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал ететін белгілі бір әдістемелік жағдайлар жасау қажет деп санаймын.
Бұл мақалада қызығушылық пен танымдық қызығушылық ұғымдары егжей-тегжейлі қарастырылады. Қызығушылықтың бірнеше мазмұнды аспектілері анықталады. Сонымен қатар мақалада танымдық қызығушылықтың ғалымдар ұсынған кейбір анықтамалары мен оның әдістері көрсетілген. Танымдық іс-әрекет – бұл білімді практикада қолдану қажеттілігі. Танымдық және зерттеу мотивтері шығармашылық іс-әрекеттермен және құндылықтармен қатар болуы керек шығармашылық іс-әрекеттің мотивациясын құрайды. Химия сабағында алған теориялық білімін негіздеп, оны өмірде қолдану үшін, білім алушылардың бойында танымдық қызығушылықты арттыруға мүмкіндік беретін үй жағдайындағы зертханалық жұмыс мысалы және оның қорытындысы берілген.

PDF