Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

«Halyk Balyk» ЖШС ТОҒАН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ГИДРОЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

Жарияланды June 2023

100

118

Аңдатпа

Мақалада 2021 жылы 1-шілдеде Қазақстан Республикасының күшіне енген жаңа экологиялық кодексіндегі, мемлекеттік мониторингтің ережелерінің жаңа баптарна сәйкес, еліміздегі су нысандарына жаңа мониторинг жүйесінің өлшем шарттары енгізілген басты ережелері берілген. Су ресурсатырна байланысты жаңа өлшем шарттарына сәйкес бітіруші курс студенттерінің дипломдық жобаларының зерттеулерін «Halyk Balyk» ЖШС тоған шаруашылығының су көздеріне гидроэкологиялық миторингжүргізу» деп алынған, аталған тоғанға құйылатын Лавар, Жарсу, Ащысай сияқты басты тау өзендерінің құрамын анықтауда тиісті сынамалары алынып, ластану деңгейі анықталды. Сонымен қатар тоған суының арнасының азайғандығы байқалады. Жоғарыда аталған өзендердің бастауында өңірдің жеміс-көкөніс өсіретін шаруашылықты дамытған шаруа қожалықтары өзендердің арнасын жосықсыз бұрып алу салдарынан тоған суының азайғандығының басты себебі болып отыр. Жылдың көктем айында тоғанға су жетіспеуінен «Halyk Balyk» ЖШС шаруашылығының он миллионға жуық шабақ балықтары қырылып қалуымен қатар тоған суының ластану деңгейі шекті шамадан асып кетекен. Әсіресе «Halyk Balyk» шаруа қожалығының қызметкерлері ластанған Лавар өзенін лайдан, қамыстан, бұталардан, қоқыстардан тазалап отырады.Тақырып аясында бекітілген студенттер аталмыш шаруашылыққа барып, бекіре балықтарының даму деңгейлерімен танысып,тоғаның суынанжәне топырағынан сынамалар алып, зерттеу жұмыстарын «Казгидромет» мекемесінде өндірістік және диплом алды практика өту барысында жасады.

PDF