Бұл зерттеу жұмысы Іле Алатауының бөктеріндегі екі биотоптың (қайыңды және аралас орман) топырақ омыртқасыздарының биоалуантүрлілігін зерттеу нәтижесі мен олардың маусымдық динамикасын суреттейді. Топырақтағы жануарлар биомассасының ішінде жауын құрттары ең үлкен құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу барысында Lumbricidae тұқымдасына жататын жауын құрттарының 11 түрі тіркелді. Сонымен қатар, зерттелген биотоптарда олардың маусымдық көшіп-қону процесінің ерекшеліктері сипатталды. Нәтижесінде қайыңды орманға қарағанда аралас ормандарда жауын құрттарының біркелкі таралатындығы анықталды. Люмбрицидтердің көшіп қонуының басты себептерінің бірі - вегетациялық кезеңдерінің қолайлы жағдайда өтуін қамтамасыз ету болып табылады. Олардың барынша жоғарғы белсенділік деңгейі тіршілік ету ортасындағы температура мен ылғалдылықтың оң қатынасында байқалады. Топырақ омыртқасыздары санының маусымдық арақатынасы әр мезгілге байланысты өзгеріп отырады. Көктем мезгілінде топырақтың жылынуы, өсімдік қалдықтарының түсуі сапрофагтардың топырақтың терең қабаттарында қоныстануына әкеледі.
ІЛЕ АЛАТАУЫ БӨКТЕРІНДЕГІ ЖАУЫН ҚҰРТТАРДЫҢ МАУСЫМДЫҚ ДИНАМИКАСЫ
Жарияланды June 2023
169
62
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
