Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ЖЕТІСУ ӨҢІРІНІҢ ТАРИХИ ТАНЫМДЫҚ НЫСАНДАРЫНЫҢ САКРАЛДЫ ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДАҒЫ АЛАТЫН ОРЫНЫ

Жарияланды June 2023

188

99

Аңдатпа

Мақалада Жетісу өңіріндегі аласа тау алқаптар мен Балқаш-Алакөл, Жаркент, Қоңырөлең ойыстарындағы, қола, ерте темір, түркі, қыпшақ кезеңдерінің палеомәдени киелі орындарына жататын қорғандары мен ашық аспан астындағы ғибадатхана қызметін атқарған жартастағы суреттердің таралған аумақтарың ғылыми-танымдық және сакралды туризмді дамытудағы алатын орыны, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызы қарастырылған.
Тақырыптың өзектілігін палеомәдени киелі орындар ретінде ерекше қорғауға алу, оларды танымдық, зияраттық туризмді дамыту мақсатында тиімді пайдалану мәселелері, тақырып бойынша туристік, географиялық әдебиеттердегі мәліметтердің аздығы айқындайды.
Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда баса назар аударылған киелі орындарды зерттеуге, оларды туризм нысаны ретінде тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін бірегей сакралды нысандарға жартастағы суреттер, сақ кезеңінің қоныстары, қорғандары, түркі кезеңінің солярлық белгілері, ерте орта ғасырлық қалар мен төрткүлдер жатады. Оларды зерттеп-зерделеу тарихи-танымдық сакралды туризмді дамытуға, адам қоғамы мен табиғи ортаның үйлесімді қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Аталған нысандарды зерттеу қоғам мен қоршаған ортаның үйлесімді өзара байланысын ашуға, өңірдің жекелеген аумақтарындағы зерттеу барысында жиналған мәліметтер мен ғалымдардың зерттеулеріне жасалған салыстырмалы талдаулар «сакралды» түснігінің мәнін ашуға, мәдениеттің дамуымен тікелей байланысы бар деген қорытынды шығаруымызға мүмкіндік берді.

PDF (Русский)