Білім беру жүйесінің заманауи талаптарға сай өзгеруі аса үлкен қарқынмен іске асуда. Білім алушылардың болашақта еңбек нарығында бәсекеге қабілетті болуы – мектеп бағдарламасының тиісті деңгейде ұйымдастырылуына, пән мұғалімінің тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануына, баланың бойындағы тұлғалық қабілеттері мен қасиеттерін аша білуіне тікелей байланысты. Бұл жұмыста жобалап оқыту технологиясының сандық білім беру ресурстарымен кіріктірудің білім сапасына әсері зерттелді. Ғылыми-зерттеу құзыреттілігін дамыту үшін білім беру нысаны ретінде модельдеу, қысқамерзімді жобалық жұмыстар, ұзақмерзімді жобалық жұмыстар, оқу стандартына сай бағдарламалық материалды күнделікті өмірмен байланыстыру әрекеті инновациялық тұрғыдан ұйымдастырылды. Оқушылардың биология сабақтарында алған білімін өмірде қолдана білу дағдысын дамыту жолдары, функционалды сауаттылықты арттыру бағытында жобалап оқытудың тиімді тұстары көрсетілді. Нәтиже білім сапасы арқылы өлшенді.
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ДАҒДЫЛАРЫН АРТТЫРУДЫҢ ЗАМАНАУИ АСПЕКТІЛЕРІ
Жарияланды June 2023
146
138
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
