Қазіргі таңда әлемдегі экологиялық мәселелердің жиі орын алуы адамзат үшін экологиялық білімді және мәдениетті болуды талап етеді. Жаратылыстану пәндерінің оқыту әдістемесінің алуан түрлілігіне қарамастан, жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығы төмен деңгейде. Осы тұрғыдан, мақалада жоғары сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылып, зерттеу жұмыстарына аса назар аударылды. Оқушылармен зерттеу жұмысын жүргізу барысында білім берудің жаңа инновациялық әдістері АКТ-ны қолдану, проблемалық оқыту технологиясы, сауалнама әдісі және математикалық талдау әдісі қолда- нылды. Зерттеу барысында оқушылардың экологиялық білімін арттыру мақсатында Түркістан қаласындағы Ж.Ташенов атындағы №23 IT-мектеп-лицейінде 10 «В» сынып білімгерлеріне «Жас биологтар үйірмесі» ұйымдастырылды. Зерттеу барысында теориялық білімді қалыптас- тыру негізінде дәріс жүргізіліп, білімгерлердің практикалық зерттеу жұмыстарына дайындығы күшейтілді.Үйірменің жоспарына сәйкес «Ботаникалық бұрыш-сынып көркі!» атты тақырып бойынша оқушылармен бірге бөлме өсімдіктерінің түрлері және отырғызылатын қолайлы топырақ, ботаникалық бұрыштың эскизі таңдалып, өсірілді. Алынған соңғы сауалнама нәтиже- сінде оқушылардың экологиялық білімдері мен мәдениет деңгейінің артқандығы және мектепте өткен зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқаны анықталды. Экологиялық сауаттылық деңгейін кӛтеру барысында алған тәжірибелері оқушылардың қоршаған ортамен байланысын арттырып, зерттеушілік дағдыларын қалыптастырды
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жарияланды June 2023
198
97
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
