Мақалада жоғары оқу орындарында оқытуды ұйымдастырудың танымал түрі - зертханалық сабақ мақсаттарының маңыздылығы қарастырылады. Бейорганикалық химия курсы бойынша іргелі білімдердің қалыптасуы үшін зертханалық сабақтардың алатын ролі айрықша екендігі айтылады. Зертханалық сабақтың оқу процесінде алатын орны мен даму тарихы қарастырылады. Оған қоса, зертханалық сабақтың анықтамасы мен мақсаты жӛнінде бірқатар ғалым педагогтардың еңбектеріне әдеби шолулар жасалынған. Сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде зертханалық сабақ түрінің нағыз химиялық білімді меңгерудің тиімді жолы екендігі көрсетіледі.
Зертханалық сабақтың мақсатының маңыздылық деңгейі анықталынады. Жіктелген мақсаттар тобы мен сауалнама нәтижелері студенттердің пәндік теориялық біліммен қатар кәсіби біліктерді игеру қажеттігі айтылады. Соған байланысты бейорганикалық химия пәні бойынша жүргізілетін зертханалық сабақтың мақсаты біліктер жиынтығы ретінде ұсынылады.
