Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ САБАҒЫНДА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

Жарияланды June 2023

245

183

Аңдатпа

Мақалада химиялық білім беруде экологияны кіріктіре оқытудың тиімділігін арттыру жол- дары баяндалады. Экологиялық тәрбие туралы кӛптеген авторлардың пікірлері қарастырылады. Жұмыстың ғылыми-практикалық маңызы органикалық химия курсын экологияландыру білім алушылардың қоршаған ортаны ластанудан қорғаудың ӛзекті мәселелерін шешуге белсенді қатысуға дайындау қажеттілігімен түсіндіріледі. Білім алушылардың экологиялық білімдері мен дағдыларын қалыптастырудың тиімді әдістерінің бірі экологиялық мәселелерді оқу процесіне енгізу болып табылады. Зерттеу мақсаты; білім алушылардың экологиялық білімдерін қалып- тастыруға бағытталған тапсырмалар жүйесін әзірлеу. Органикалық химия пәнінен кіріктірілген сабақтар арқылы білім алушыға экологиялық тәрбие беру мүмкіндіктерін зерттеу. Экологияны химияға кіріктіргенде теориялық ақпараттың кӛптігіне байланысты,экологиялық білімнің мазмұнын нақтылау және жүйелеу секілді ақпараттар келтіріледі. Экологиялық проблемаларды және оларды шешудің ғылыми негіздерін зерттеудің бірыңғай реттілігін қамтамасыз етудің қадамдары,сонымен қатар,жоғары оқу орнында органикалық химияны оқытуда, экологияны кіріктіруге болатын тақырыптар нұсқасы ұсынылған.

PDF