Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жарияланды December 2025

24

32

Аңдатпа

Бұл мақалада жоғары оқу орындарында бейорганикалық химияны оқыту процесінде
модульдік технологияны қолданудың педагогикалық негіздері жан-жақты қарастырылады.
Модульдік технология қазіргі білім беру жүйесінде студенттердің оқу материалын кезең
кезеңімен меңгеруіне, теория мен практиканы ӛзара байланыстыра отырып білім сапасын
арттыруға мүмкіндік беретін тиімді әдістердің бірі ретінде қарастырылады.
Зерттеудің мақсаты - бейорганикалық химия курсын оқытуда модульдік технологияны
қолданудың педагогикалық алғышарттарын анықтау, оның ерекшеліктерін айқындау және
тиімділігін тәжірибелік тұрғыдан дәлелдеу болып табылады. Осы мақсатта 1-курс химия
мамандығы бойынша білім алатын 12 студенттен тұратын академиялық топпен зерттеу
жұмыстары жүргізілді. Алдымен студенттердің модульдік оқыту туралы бастапқы пікірлері
анықталды. Сауалнама нәтижесінде 12 студенттің 8-і бұл терминді алғаш рет естігенін айтса,
тек 4 студент қана оның мазмұны туралы жалпы түсінік берген.
Зерттеу барысында бейорганикалық химияның теориялық негіздері курсы 8 модульге
бӛлініп, 15 апталық сабақ жоспары жасалды. Әр модуль теориялық мазмұнды қамтып қана
қоймай, практикалық тапсырмалармен толықтырылып, студенттердің ӛздігінен ізденуіне,
ғылыми тұрғыдан ойлануына және алған білімін тәжірибеде қолдануына мүмкіндік берді.
Сабақтар аяқталғаннан кейін студенттердің пікірлері қайтадан сауалнама арқылы
жиналды. Оның нәтижелері модульдік технологияның тиімділігін кӛрсетті: студенттердің
84%-ы оқу материалы модульдерге бӛлінгенде түсініктірек болғанын атап ӛтті, 8%-ы
дәстүрлі оқытуды қолайлы санады. Сонымен қатар, 81%-ы теория мен практиканың
үйлесімділігі жоғары екенін айтты. Жалпы қанағаттану кӛрсеткіші 88%-ды құрады.
Зерттеу қорытындылары бейорганикалық химияны оқытуда модульдік технологияны
енгізу студенттердің оқу үдерісіне белсенді қатысуына, пәнді жүйелі түрде меңгеруіне және
кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға ықпал ететінін дәлелдейді

PDF (English)