Авторларға арналған нұсқаулық
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысындағы "Жаратылыстану-география ғылымдары" сериясындағы материалдар веб сайт бойынша қабылданады: https://bulletin-natgeo.kaznpu.kz/
Автор хат-хабар үшін "Біздің авторлар" бөлімінің үлгісі бойынша байланыс және жеке мәліметтер ұсынуға міндетті.
Мақаланың жалпы көлемі (тақырып, аңдатпа, түйін сөздер, мақала мәтіні, әдебиеттерді қосқанда) – "ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ" тақырыптық бағыттары үшін ең аз көлем – 2500 сөз. "ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ" (ХИМИЯ, БИОЛОГИЯ, ГЕОГРАФИЯ, ЭКОЛОГИЯ) тақырыптық бағыттары үшін мақаланың ең аз көлемі - 2000 сөз. Ең көп көлем 8000 сөзден аспау керек. Бұл ретте ең төменгі/ең жоғары көлемі A4 парақта маңызды емес, мақаладағы сөздердің санына – бағдарлау қажет.
Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Магистранттардың мақаласы, ғылыми дәрежесі бар авторлармен бірге жазылған жағдайда ғана жарияланады.
Журналдың бір санында 1 автордан, 2 мақала ғана қабылданатындығын ескертеміз, сонымен бірге, мақаланың көлемі үлкен болған жағдайда 5 авторға дейін рұқсат етіледі
Барлық мақалалар басқа авторлардан алынғаны (плагиат) Антиплагиат жүйесінде тексеріледі, шекті деңгейі 85%, ондағы 75% өзіндік ерекшелігін көрініс алған жағдайда қабылданады. Мақаладағы мәліметтердің шынайылығына автор/авторлар жауапты. Түпнұсқа пайызын техникалық немесе басқа жолдармен арттыру мақала басылымнан алынады. Барлық мақалалар жасырын рецензиялаудан өткізіледі.
Мақалаларды қабылдау мерзімі: 1 квартал - 29 наурызға дейін; 2 квартал – 29 маусымға дейін; 3 квартал - 29 қыркүйекке дейін; 4 квартал - 29 желтоқсанға дейін.
Мақала қабылданбастан бұрын, төлем ақы жасалынған жағдайда шағым қабылданбайды Қабылданған мақалалар бойынша төлемақы кешіктірілген жағдайда, журналдың келесі сандарына қалдырылады.
Мақаланы рәсімдеуге қойылатын талаптар
Мақала мәтіні Word 2003-2010, А4 – форматында, «Times New Roman» әріптерімен – 12 шрифт, суреттер, диаграммалар – 10 пт, аралық интервал – 1; бірінші жол абзацтан басталады – 0,5 см.; парақтың барлық жағы – 2 см;
Графика, диаграмма, суреттер сканерленіп, мақаланың ішіне сурет түрінде қойылуы керек. (300 dpi – ден аз емес).
Мақаланы рәсімдеу реті:
- Индекс ҒТАМР (ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекетаралық рубрикаторын) көрсетеді.
- Авторлардың аты-жөні(лары) – аты-жөні, тегі – (ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде) көрсетіледі. Мақаланың автор (лары) - жұмыс орны (ұйымының толық атауы), қаласы, елді мекені, (ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде) көрсетілуі тиіс.
Корреспонденция авторы жұлдызшамен * ерекшеленіп телефон нөмірі, электрондық поштасын көрсетеді. Авторлар туралы ақпарат жай қаріппен кіші әріптермен жазылып, жолдың ортасына тураланады. Егер авторлар барлығы бір университеттен болса нөмірлеу қажет емес.
- Мақаланың тақырыбы (тақырып) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырман назарын аударуы тиіс. Тақырып қысқа, мазмұнды болуы керек және жаргон мен қысқартулар болмауы керек. Тақырып атауын 12 сөзден асырмаған жөн. Тақырып жартылай қалың қаріппен үлкен әріптермен беріледі, жолдың ортасына тураланады (ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде).
- Аңдатпа үш тілде (ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде), көлемі 200-300 сөз арасында. Аңдатпатақырыптың сипаттамасын кеңейтуге (негізгі мәселе, оның өзектілігі, қолданылатын әдістер, негізгі гипотезалар мен тұжырымдар, нәтижелерді тәжірибеде қолдану мүмкіндігі) мүмкіндік береді. Аңдатпаны кіріспе ретінде қарамау керек.
- Түйін сөздер (5-10 сөз аралығы) тақырыпқа сәйкес (мақала тілінде) сөздерден/ сөз тіркестерінен тұрады.
- Осыдан кейін 2,3,4,5 пункттер қазақ, орыс, ағылышын тілдерінде
- Мақаланың құрылымы IMRAD талаптарына сәйкес болуы керек:
- Негізгі ережелер (зерттеудің негізгі идеялары мен нәтижелерін қысқаша көрсететін 4-6 тармақтан тұрады)
- Кіріспе(мәселенің өзектілігі, даму деңгейі, зерттеудің мақсаты мен маңыздылығы).
- Материалдар мен әдістер(пайдаланылған әдістердің, әдістемелердің, материалдардың сипаттамасы, зерттеу әдістемесі).
- Нәтижелер (орындалған жұмыс нәтижелері, кестелер, графиктер, иллюстрациялар және деректер жиынтығына сілтемелер (деректер жиынтығы).
- Талқылау (зерттеу нәтижесінде алынған деректерді түсіндіру және нәтижелерді басқа ғалымдардың тәжірибесімен салыстыру).
- Қорытынды (келтірілген тұжырымдарды қайталамай, мақала бөлімдерінің қысқаша қорытындалу)
- Алғыс білдіру (Автор, әріптестеріне көмегі үшін ризашылығын, зерттеуді қаржылай қолдағаны үшін алғысын білдіреді)
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мәтіннің соңында стандартқа сәйкес рәсімделуі тиісті ГОСТ 7.1:2003 (үлгі берілген) және пайдаланылған әдебиеттер саны 7 – ден кем емес әдебиеттерге сілтемелер көрсетілуі керек, Web of Science/Scopus тізіміндегі журналдарда жарияланған мақалаларға сілтеме көрсетілуі міндетті. Өзіне сілтеме беру 1-2 әдебиеттен аспауы керек. Әдебиеттер тізімін автоматты түрде нөмірлеуге жол берілмейді. Тиісті дереккөздерге сілтемелер мәтінде аталуына қарай, тік жақшада [1, 15-б.] әдебиеттер тізімі бойынша дереккөздің нөмірі және автор сілтеме жасайтын нормативтік актінің беті не бабы көрсетіле отырып келтіріледі. Автоматты бет сілтемелерін пайдалануға жол берілмейді.
9.References (қазақ және орыс тіліндегі мақалалар үшін пайдаланылған әдебиеттер тізімін латын алфавитінде қайталап жазу міндетті. Ағылшын тіліндегі мақалалар үшін әдебиеттер тізімі түпнұсқа түрінде латын әріпімен беріледі.
Үлгі: Referenсes (кегль 12)
- Zhienbaeva N.B., Abdigapbarova U.M., Mahambetova A.B. «Eksperimental'noe izuchenie razvitiya dual'no –orientirovannogo obucheniya v obrazovatel'nom processe vuza [Experimental study of the development of dual -oriented education in the educational process of the university]». Obrazovatel'nyj vestnik «Soznanie» T. 22, no 11, (2020): 25-30.
- Aksartov R.M.,Aizikov M.I.,Rasulova S.A. Metod kolithestvennogo opredelenuia leukomiznina//Vestnik KazNU,Ser.him.-2003.-T.1.-S.40-41.
Әдебиеттер тізімінде кириллицадан берілген әдебиеттер тізімі болса екі нұсқада беруілуі қажет: біріншісі – түпнұсқада, екіншісі – романизацияланған әліпбиде. (Транслитерация - http://translit-online.ru/ ұсынылатын тегін сайт). Орыс тілінен латын тіліне аудару / Онлайн конвертер https://translit.ru. Қазақ тілінен латын тіліне аудару / Онлайн конвертер https://qazlat.kz/ru/
Төмендегі кестеге сәйкес транслитерация әдісін таңдау керек:
е – e |
ә - ä |
ё – e |
і - ı |
ж – zh |
ң - ñ |
й – i |
ғ - ğ |
х – kh |
ү - ü |
ц – ts |
ұ - ū |
щ – shh |
қ - q |
ъ - жазылмайды |
ө - ö |
ы – y |
һ - h |
ь - жазылмайды |
|
э – e |
|
ю – yu |
|
я – ya |
|
Мақаланың соңында "Біздің авторлар" бөліміне енгізу үшін мәліметтер көрсетіледі
(Үлгіні төменде қараңыз)
Абитаева Айсулу Аманжолқызы – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,7М01513 – Биология білім беру бағдарламасының 2 курс магистранты, A_abitaevaa@mail.ru
Абитаева Айсулу Аманжоловна – Казахский национальный педагогический университет имени Абая, магистрант 2 курса образовательной программы 7М01513–Биология, A_abitaevaa@mail.ru
Abitaeva Aisulu – 2nd year master's student of the educational program 7M01513–Biology, Abai Kazakh National Pedagogical University, A_abitaevaa@mail.ru
Жоғарыда аталған талаптар сақталмаған жағдайда редакция қолжазбаны қабылдамайды.