Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ХАБАРШЫСЫ. «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы (бұдан әрі – журнал) жылына 4 рет келесі белгіленген мерзімде шығарылады: №1 ағымдағы жылдың 29 наурызына дейін, №2 – 29 маусымға дейін; №3 – 29 қыркүйекке дейін және №4 – 29 желтоқсанға дейін.
Журналдың мақсаты. Химия, биология, география және экологияның, сонымен қатар мектепте, колледжде және ЖОО-да жаратылыстану-географиялық пәндерді оқыту әдістемесінің өзекті мәселелерін жариялау.
Журналдың тақырыптық бағыты:
1) «Химия, биология, география және экологияны оқыту әдістемесі»;
2) «Жаратылыстану және география ғылымдарының өзекті мәселелері (Химия, Биология, География, Экология)»
бағыттары бойынша ғылыми зерттеулердің, гранттық жобалардың, диссертациялық жұмыстардың негізгі нәтижелерін жариялау, ғылыми мәселелердің кең ауқымын талқылау.
Журналдың міндеті:
- Химия, биология, география және экологияны оқытудың инновациялық әдістері бойынша іргелі және қолданбалы маңызы бар жаңа ғылыми нәтижелерді жариялау;
- Отандық және шетелдік педагогтер мен ғалымдардың кәсіби коммуникациялары үшін кең өріс құру;
- Білім және ғылым саласындағы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың жаңа ғылыми зерттеулері туралы ақпарат тарату;
- Педагогтер мен зерттеушілердің халықаралық қауымдастығының назарын қазақстандық ғалымдардың жетістіктеріне, жоғары, орта, жалпы, қосымша және кәсіптік білім беру саласындағы жаңа білім беру технологияларына аудару мақсатында отандық тәжірибені дәріптеу;
- Кәсіби өсуді қамтамасыз ете отырып, ғылыми қоғамның, жас ғалымдардың, магистранттар мен докторанттардың тұрақты қызығушылығын қалыптастыру.