Мақалада білім беру стандарттарына сәйкес келетін білім алудың жоғарғы сапасын қамта- масыз ету, білімалушының да, тыңдаушының да функционалдық сауаттылығын дамытуда, оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі арқылы әділ өлшеу, білімалушыларға химия- ны оқытудың табысты, нәтижелі, қызықты ұйымдастырудың әдістемелік жолдары қарасты- рылады. Егер сабақта білімалушылардың бойындағы пәнді танып-білуге деген қызығушылы- ғын оята білсек және оны әрі қарай дамытатындай барынша қолайлы жағдай жасасақ,
«кешегі» алған өз білімін өзгелермен емес, «бүгінгі» деңгейдегі өз білімімен салыстыра оты- рып, көрсете алатын болсақ, онда, оның бойында білімге деген құштарлық, сөзсіз пайда болады. Осы бағытта білімалушылардың оқу жетістіктерін әділ өлшеуге арналған деңгейлік тапсырмалардан құрастырылған бағдарламалар ұсынылды. Өйткені болашақ ұрпаққа мем- лекеттік стандарт деңгейінде білім беру – ағартушы қауымның негізгі міндеттерінің бірі. Білім берудің сапалы болуы білімалушылардың мүмкіндігінің деңгейіне ғана емес, олардың білім алуға деген қызығушылығын қалыптастыруға байланысты. Сондай-ақ, білімалушының оқудағы жетістіктерін (құзыреттілік деңгейін) бағалау критерилерін сипаттау, білімалу- шылардың әр бағыттағы даму траекторияларын мониторинг жүргізу арқылы қадағалау, жеке басының қабілетін болжау (диагностика жасау), бірінен-бірі туындайтын деңгейлік тапсыр- малар арқылы дамыта оқытуды ұйымдастыру арқылы химияны оқыту зерттелген. Қолданыл- ған бағалау түрі білімалушыны әділ бағалауға толық негіз болады.
