Мақалада оқу танымдық әрекеттерді арттыруға әсер ететін оқу үрдісінің әдістері туралы
құнды ой-пікірлер айтылады. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру бірінші кезекте
ойлау белсенділігімен, оқудағы іс-әрекеттерімен байланысты екендігі тұжырымдалады.
Танымдық тапсырмалар арқылы оқушыларда танымдық белсенділік орын алады. Сәйкесінше
танымдық белсенділік оқушылардың білім алуға, оқуға, дағдыны меңгеруге деген ынта-ықыласының, қызығушылық, құштарлығының ерекше көрінісі ретінде сипатталады. Зерттеулерде танымдық тапсырмалар арқылы химия сабағында оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттыру мүмкіндіктері қарастырылған. Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың педагогикалық-психологиялық және әдістемелік негізі келтірілген. Химия жаратылыстану ғылымдарына жататын оқу пәні болғандықтан, оқушылардың санасында химияның
жеке бейнесін қалыптастыру маңызды рөл атқарады. Мектепте химия пәнін оқытуда танымдық
тапсырмаларды қолдану ерекшеліктері олардың бірқатар дидактикалық талаптарға толық сәйкес
келуіне және жүйелі түрде қолданылуына байланысты. Химиядағы танымдық тапсырмалар
оқушылардың белсенділігін арттыратын тапсырмалардың ерекше түрі болып табылады.
ТАНЫМДЫҚ ХИМИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жарияланды December 2023
280
104
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Дәйексөздерді қалай жазу керек
