Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

ЖОО БІЛІМАЛУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА БІЛІМ АЛУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ҤШІН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАРЫН ҚОЛДАНУ

Жарияланды December 2023

319

74

Аңдатпа

Бұл мақалада Абай атындағы ҚазҰПУ 6В01510-Химия мамандығы бойынша білімалушылары арасындағы химиялық сауаттылық деңгейінің зерттеу нәтижесі қарастырылған.
Қолданыстағы теориялық негіздер негізінде студенттердің қабілеттерін ӛлшейтін бағалау
критерийлері жасалды: а) химиялық ұғымдарды тану (номиналды сауаттылық); б) кейбір негізгі
ұғымдарды анықтау (функционалдық сауаттылық); в) құбылыстарды түсіндіру үшін химиялық
ұғымдар туралы түсініктерін пайдалану (тұжырымдамалық сауаттылық).; және г) химия
саласындағы білімдерін коммерциялық жарнамада немесе интернет-ресурстарда (көп өлшемді
сауаттылық). Алынған нәтижелер жаңа оқу бағдарламаларын әзірлеу және химиялық сауаттылықты арттыру мақсатында белгілі бір оқыту стратегияларына баса назар аудару процесінде пайдалы болуы мүмкін. Функционалдық сауаттылық күнделікті өмірдің практикалық міндеттерін шеше білуді, мектепте алған білім мен дағдыларға негіз бола отырып, қоршаған ортамен, адамдармен өзара ісқимыл жасауды, іскерлік байланыстар орнатуды, командада жұмыс істеуді,
өз елінің жауапты азаматы болуды көздейді. Отандық және шетелдік әдебиеттерді сараптағанда,
функционалдық сауаттылықты қалыптастыру — бұл жеке мұғалім шеше алмайтын міндет, бірақ
бірыңғай бағытта жұмыс істейтін мұғалімдердің жоғары ұйымдастырылған мектеп командалары
қажет, ал жасөспірімдерде функционалдық сауаттылықты қалыптастыру феномені педагогтер
үшін де, білім алушылар үшін де әдістемелік өнімді одан әрі зерделеуді және әзірлеуді қажет
етеді деп тұжырымдауға негіз береді. Аталған іс-әрекеттерді PISA тапсырмалары арқылы жұмыс
істеуге негізделген есептер шығару, кейс тапсырмаларды орындау, практикалық және жобалық
тапсырмаларды орындау барысында басшылыққа алу ұсынылады. Сонымен қатар, эксперимент
жүргізіліп, эксперимент нәтижесінде тапсырмалармен жұмыс оқушылардың функционалдық
құзыреттілігін қалыптастыруға оң әсерін тигізетіндігі баяндалған.

PDF