Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өту
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Жаратылыстану-география ғылымдары сериясы

НАУБАЙХАНА АШЫТҚЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ

Жарияланды December 2023

228

60

Аңдатпа

Қазіргі уақытта антигельминтикалық препараттарды іздеу өзекті болып табылады. Дегенмен, антигельминтикалық белсенділікке қарсы қосылыстарды жылдам және арзан скрининг әдістері жоқ. Гельминттердің тыныс алу процестерін тежеу үшін, молекулалық кедергілердің қызметін атқыратын ферменттердің бірі – фумаратредуктаза (ФР).
Гельминттердің көпшілігі анаэробтар болып табылады. Гельминттердің құрамында тыныс алу тізбегі бар. Бұл тізбектердің құрамдас бӛліктерінің бірі сукцинатдегидрогеназа (СДГ) болып табылады. Бұл оларға ашытқыға ұқсастық береді, олар жағдайға байланысты аэробтар немесе анаэробтар болуы мүмкін. Жоғарыда аталған ферменттердің құрылымы көптеген организмдерде, соның ішінде сүтқоректілерде де сақталған. Осылайша, нан пісіретін ашытқылар мен гельминттердегі ФР және СДГ құрылымындағы белгілі ұқсастықтарды пайдалана отырып, ашытқыларды гельминттердің анаэробты тыныс алу процестеріне қосылыстардың потенциалды әсерін бағалау үшін сынақ микроорганизм ретінде пайдалануға болады. 2,3,5-Үшфенил-тетразолий хлоридін (ҮФТ-тест) пайдалана отырып, тірі ашытқылардың тыныс алу процесіне
әсері бойынша қосылыстарды сынау әдістемесі негізге алынды. Кейбір қосылыстардың тыныс
алу процесін парадоксальды түрде жеделдететіні анықталды. Бұл жағдайды ФР тыныс алу
тізбегінен электрондардың бір бөлігін «алып» және оларды фумар қышқылының тотықсыздануына беруімен түсіндіруге болады. Егер ФР белсенділігі төмендесе, онда тыныс алу процесі
қарқынды жүреді, ол формазан түзілуінің үдеуімен байқалады

PDF