Мақалада электрохимия бойынша элективті курсты қосымша білімдерін жетілдіргісі келетін білім алушылармен ұстаздарға арналып жасалған курстың негізгі мақсаты баяндал- ған. Бұл зерттеу электрохимияны оқитын студенттерге, оның ішінде химиямен байланысты барлық салалардың өкілдеріне бағытталған. Осыған сүйене отырып, авторлар университетте
техникалық бағыт бойынша элективті курсты ұйымдастыра отырып, электрохимия бойынша нақты әдістемелік құрал шығаруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, элективті курстың сағаттары, мерзімдері, мақсаты анықталып, мақалада келтірілген. Университеттегі оқу бағдарламасы негізінде курстың бір үлгісі ұсынылған. Мақалада курс бойынша түсіндірме және жазбаша жұмыс жүргізіледі, онда оқытушы ұсынған тақырыптың неліктен өзекті екендігі және оның білім алушылар үшін неліктен пайдалы екендігі түсіндіріледі. Элективті курста әрбір академиялық сағаттарда университеттің жалпы бағдарламасын ескере отырып, егжей-тегжейлі талқыланады. Тақырып бойынша қосымша білімге ғана емес, сонымен қатар элективті курсты дайындауда қолданылатын әдебиеттер мен ғылыми материалдардың тізіміне де баса назар аударылады. Оқу жоспарына теориялық және практикалық сабақтар кіреді. Сабақ барысында заманауи технологиялар мен интерактивті құралдарды қолдану қарастырылған. Ұсынылған курстық жұмыс дәстүрлі дәріс семинарлары мен зертханалық жұмыстардан ерекшеленеді және бағалау тапсырмаларын қамтиды. Курстан өтіп жатқан студенттер осы элективті курс арқылы терең білім ала отырып өз білімдерін тексере алады. Сонымен қатар, мақаланың негізі болып табылатын электрохимиядағы элективті курстың негізгі мақсаттары мен міндеттері анықталған. Электрохимия пәніне арнайы жасалған бұл әдістемелік құралды нәтижелі аяқтаған білім алушы курстың соңында арнайы программамен жасалған курсты оқыды деген сертификат алады. Мақаланың практикалық бөлімінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің химия кафедрасының электрохимия бойынша сабақ оқитын студенттерден элективті курс бойынша сауалнама алынды және оның нәтижелері анықталып, қорытынды жазылды
