Аналитикалық химия оқу пәні ретінде химия педагогтерін даярлау жүйесінде ерекше орын алады. Педагогикалық университеттегі аналитикалық химия курсы студенттерге теориялық білімдерін химиялық анализ практикасында қолдануға және өз бетінше ғылыми- зерттеу жұмыстарында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманғы талаптарға сәйкес аналитикалық химияны оқыту тек академиялық құзыреттіліктерді дамытып қана қоймай, сонымен қатар белгілі бір кәсіби және әлеуметтік-тұлғалық құзыреттіліктерді қалыптастырады. Педагогикалық университетте аналитикалық химия курсын оқыту – теориялық білімді меңгеруден (дәрістер курсы), зертханалық жұмыстарды орындаудан және семинар сабақтарынан тұрады. Семинар сабақтарында есептерді шығаруға көп уақыт бөлінеді. Химия ғылымының негіздерін зерттеуде есептерді шығару маңызды орын алады. Есептер шығару арқылы болашақ педагогтер тек химияны меңгеріп қана қоймайды, сонымен қатар, физикадан, математикадан алған білім деңгейін қолдана білуді талап етеді. Универ- ситеттегі химия курсындағы есептеу тапсырмалары көптеген функцияларды орындайды. Атап айтқанда, студенттерге пәнаралық байланысты жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сабақта алынған ақпаратты бекітуге көмектеседі. Мақалада бірнеше әдістерді қолданып, студенттерге «Гравиметриялық анализ» тақырыбы негізінде гравиметриялық фактор, үлгі массасы және анықталатын компоненттің массалық үлесін есептеу мысалдары келтірілген.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕ «ГРАВИМЕТРИЯЛЫҚ АНАЛИЗ» ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕРІ
Жарияланды July 2024
261
75
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
Аналитикалық химия, сандық анализ, гравиметриялық анализ, есептер шығару, болашақ педагог, студент
Дәйексөздерді қалай жазу керек
