Бұл мақалада функционалдық сауатты тұлғаны қалыптастыру үшін PISA тапсырмала- рының мектеп оқулығындағы сауаттылық өлшемдері қарастырылады. Химия сабағын оқыту барысында әр түрлі PISA тапсырмаларын ұсына отырып, оқушылардың шығармашылық іс- әрекеттерін, өздігімен жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру барысында теориялық білімдерін кеңейтіп, сыни ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Оқушылардың бой- ында функционалдық сауаттылықты дамыту тапсырмалары оқулықта жеткіліксіз ұсыныл- ғандығы айтылды. Функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында төменгі сыныптардан бастап қалыптасып, дами бастайды. Сондықтан химия сабағында 7-8 сыныптан бастап функционалдық қасиеттері белсенділік, шығармашыл ойлау және шешім қабылдай алу, өз жолын таңдай алуға қабілеттілікке бағыттай беру қажет.
Мәселелік тапсырмалар, деңгейлік тапсырмалар арқылы функционалдық сауаттылықты дамытудың ең тиімді жолдары қарастырылған.
Бұл жұмыста PISA бағдарламасындағы химия пәні бойынша жаратылыстану сауаттылы- ғының деңгейін бағалау және жаратылыстану сауаттылығын қалыптастыруда оқушылардың қолдана алатын дағдылар тізімі анықталған.
Жаратылыстану ғылымдары ішіндегі химияны зерттеу кезінде оқушылардың пәнге қызығушылығын қалыптастыру, алған білімдерін өмірде, тұрмыста қажет екенін түсіндіру мақсатында функционалды сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар аз берілгендігі әлі де тапсырманы қосу жоспарлары көрсетіледі. Қолданылатын мәтіндік, өзіндік тапсырмалар оқу мақсатына негізделіп жасалып оқытуды сәтті жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Заман тала- бына сай жас ұрпаққа сапалы білім беру және сауаттылық деңгейі жоғары болу үшін шығар- машылық тапсырмалар
