Мақалада мектепте оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жас ұрпақты ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулу, жұмылдыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары айтылады. Оқушыға жетекшілік жасайтын мұғалімнің жұмыс бағдары, оқушыларға арналған зерттеу техникаларын анықтау барысында қажетті крите- рийлер ұсынылды. Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінен жүлделі екінші орынға ие болған ғылыми жобаның мысалында оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына талдау жасалды. Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбына сай қазіргі заманауи талаптарға жауап беретін, халық шаруашы- лығында маңызы зор кремний наноталшықтарын қарапайым әдістермен алу және олардың қасиеттерін зерттеу нәтижелері талданады. Кремний наноталшықтарын алуда оқушылардың өздері қолымен жасауға болатын қарапайым метал енгізілген химиялық жеміру әдісі пайдаланылды. Оқушылардың осы қарапайым әдіс бойынша кремний наноталшығын алу үрдісін әр түрлі уақыт кезеңінде жүргізілген зерттеу нәтижелері мен талдаулары ұсынылды. Кремний наноталшықтарын ұзындықтары химиялық жеміру уақытына тәуелділігінің сипаты сызықтық екендігі дәлелденді. Талдау нәтижелері негізінде кестелер мен сызбалар ұсынылды. Кремний наноталшықтары қабатының қалыңдығы артқан сайын оның жарықты шағылыстыру қабілеті күрт төмендейді, яғни жұту қасиеті артатыны күн энергиясын сіңіруде өте маңызды. Мақалада сипатталған кремний наноталшықтарын алу және олардың маңызды қасиеттерін зерттеу аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде арзан әрі экологиялық таза, экономикалық тиімді энергия алу туралы қорытынды және ұсыныс жасалды.
КРЕМНИЙ НАНОТАЛШЫҚТАРЫН АЛУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
Жарияланды July 2024
202
71
Аңдатпа
