Мақалада биологияны оқыту барысында мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай білім беру мақсатында экологиялық білім берудің әдіс-тәсілдерге анализ жасалды. Сонымен қоса оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай білім беру қабілеттерін дамытудың жақсы жақтарын теориямен негіздей отырып, биология пәнін оқыту барысында оқушының жас ерекшеліктеріне сай экологиялық мәдениетін қалыптастыруға көмектесетін қосымша ұсынылды. Сонымен қатар әр оқушының өзіндік және жас ерекшеліктеріне экологиялық мәдениетінің деңгейіне зерттеу жүргізілді. Сонымен қатар қазіргі таңда, Қазақстанның биоалуантүрлілігінің азаюы және қазба ресурстарды пайдалану нәтижесінде климат өзгерістерінің туындауда және осы жағдайдың алдын алу және экожүйені сақтау үшін адамдардың табиғатқа деген көзқарасын түбегейлі өзгерте отырып, жаңа экологиялық мәдениетті қалыптастыру маңызды болып табылады. Бұл жердегі негізгі назар аударатын мәселе – тұрақты даму мақсатында Қазақстандағы биологиялық алуантүрлілікті сақтау үшін білім алушылардың экологиялық сауаттылығын арттыру және қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу мәселелерін қолға алу болып табылады
БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК ТУРАЛЫ БІЛІМІН КЕҢЕЙТУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жарияланды July 2024
253
88
Аңдатпа
Тіл
Қазақ
Кілт сөздер
экология, үздіксіз білім беру, әдістеме, мобильді қосымша, жас ерекшелік, тәрбие, мәдениет.
Дәйексөздерді қалай жазу керек
